AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тамақ қалдығы ауаны қатты ластайды

Тамақ қалдығы ауаны қатты ластайды

Әлем 15.02.2024, 03:03 1,169 Асел ОРАЗБАЕВА
Тамақ қалдығы ауаны қатты ластайды
Сурет: kiz.ru

Әлемде жыл сайын  52 миллион тонна ет қоқысқа тасталады.


Тағам қалдықтары ауаға көмірқышқыл газынан да 20 есе күшті парниктік газ, метан бөліп шығарады. Әсіресе ет өнімдері, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Австралияда жыл сайын  123 тонна қой, сиыр, доңыз және тауық еті ысырап болады. Food Innovation Australia Limited (FIAL) дерегі бойынша, бұл экономикаға 36,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын әкеледі.


АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Африка, Бразилия елдерінде де жағдай осылай. Австралия ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары осынша еттің қоқысқа тасталу себебін былай түсіндіреді:


Жануар еті тез бұзылады. Сондықтан оны тасымалдау кезінде, өзінің қалыпты температурасын сақтамаса шіріп кетеді. Мейрамханалар мен дүкендердің қабылдамауы содан. Әрі оған мал арасында тарайтын індеттер де әсер етеді.



«Өнеркәсібі дамыған елдерде тағам қалдықтарының құны 700 млрд долларға жетіп жығылса, дамушы елдерде бұл көрсеткіш 300 млрд доллар. Бүкіл әлемдік банктің болжамы бойынша, табысы орташа елдерде тағам қалдығының мөлшері 2025 жылға қарай 50%-ға жетпек», - дейді Австралия ғылыми-зерттеу орталығының маманы Колин Макмиллан. 



Әлемде жыл сайын 4 млрд.тонна астық өндіріледі. Оның 40 пайызы босқа ысырып болып жатыр. Мәселен, Былтыр Үндістанда 21 млн.тонна бидай дұрыс сақталмаудың әсерінен босқа шіріп кеткен. Британиялық ғалымдар келтірген статистикаға сүйенсек, жеміс-жидек пен көкөнөстің 40 пайызы өндірушіден тұтынушыға жетпей, жарты жолда қалып қояды. Бұл жеткізудің дұрыс жолға қойылмауы, жаман жолдар мен ауа райының қолайсыздығынан туындайды дейді, сарапшылар.



«Азық-түлік саласындағы "сатып ал-пайдалан-лақтыр" деген қатып қалған қағидатты бұзу керек. Жаһандық агроөнеркәсіпте адамзат денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайы басты назарда тұруы тиіс», - дейді Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының директоры Цюй Дунъюй.



Қазір әлемнің 58 мемлекетінде 260 млн-ға жуық адам тамаққа мұқтаж. Ғаламдық жылыну, экономикалық дағдарыстар, кешегі пандемия миллиондаған адамның қалыпты өмір сүру дағдысын бұзды. Ашаршылықтан көз ашпай келе жатқан Ауғанстан, Йемен, Нигерия, Сирия, Судан, Эфиопия елдерінде әскери қимылдардың жалғасқанына көп жыл болды. Салдарынан бейбіт тұрғындар бір орында тұрақтап кәсіп ете алмай, бас сауғалауға мәжбүр.


Бір ғана мысал. Қазір адамзат Таяу Шығыстағы аштыққа куә болып отыр. Халық тіпті жануарлар жейтін жем-шөпті жеуге көшкен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, былтыр дүниежүзінде қарулы қақтығыс пен қуғын-сүргіннен босқынға айналғандар саны 100 млн асқан. Олардың жартысынан көбі азық-түлік тапшылығы жайлаған елдердің азаматтары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ет өнімдері #ауаны ластау #қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);