Қазақстанда 2,7 тонна қоқыс жиналды
Мемлекет басшысының Таза Қазақстан бастамасы аясында Тазару күні бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық акциялар өтіп, мыңдаған адам қатысып, 2,7 тонна қоқыс жиналды. Бұл шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды өмір салтына айналдыруға бағытталған.