Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы қалай...

Студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы қалай шешіледі

Әлеумет 25.07.2023, 12:07 962
Студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы қалай шешіледі
Сурет: ашық дереккөз

 Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар істеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Тапшылық шамамен 70 мың орын болып отыр. Оның 50 пайызы - Алматы, Шымкент және Астана қалаларында. Алматы қаласына сапар аясында министрлік басшылығы жобалық офиске барып, инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды. Алматы қаласының тәжірибесі Астана мен Шымкент қалаларына таратылады. Ғылым және жоғары білім министрлігі СҚО, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, ШҚО, Жетісу облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге 2023 жылы жатақханаларды пайдалануға беру жөнінде жол картасын қабылдады», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына орай.



Ведомство мәліметінше, биыл 10 949 орынға арналған 37 жатақхананың тізімі айқындалған. Оның ішінде жеке инвестиция есебінен 9 231 орынға арналған 30 жатақхана, шағын бизнес қаражаты есебінен 1 218 орынға арналған 6 жатақхана және демеушілердің қаражатына 500 орындық бір жатақхана салынады. 37 жатақхананың 8 837 орынға шақталған 26-сы ЖОО студенттеріне, ал 2 112 студент сыятын 11 жатақхана колледждерге беріледі.


Қазіргі уақытта 1 500 орындық 4 жатақхана дайын. Сонымен қатар, 496 орындық 3 жатақхана дайындығы 90 пайыздан асады. 2 395 орынға арналған 8 жатақхананының құрылыс жұмыстары 80 пайыздан астамға, 375 орындық 1 жатақхананың құрылыс жұмыстары 70 пайыздан астамға орындалған. Мұнан бөлек, 1 026 орындық 3 жатақхана дайындығы – 60, 750 орындық тағы 3 жатақхананың дайындығы 50 пайыздан асып жығылады. 980 студент сыятын 1 жатақхананың құрылыс жұмыстары 40 пайыздан астамға орындалған. Ал, 1 316 орынға шақталған 3 жатақхана 20 пайыздан астамға ғана дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #жатақхана #орын #тапшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі