ffin.kz

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 адам көз жұмды

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 адам көз жұмды Сурет: Egemen. kz

2023 жылғы 2 тоқсан қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты. Мұндай деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп  хабарлайды Almaty -akshamy. kz. 


Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ға төмендегені байқалды.


2023 жылдың 6 айында өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,09 құрады.


Десе де Қазақстанның өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында - 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам жұмыс барысында зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 50 адам түрлі дене жарақаттарын алды.


Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8% және құрылыс саласында – 10,6%.


Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері:


жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы - 33,3%;


өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы - 27,1%;


еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу - 9,3%;


жол қозғалысы ережелерін бұзу - 8,4%.


Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ға төмен түсті.


Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.


Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды «халықтық бақылаушы» ретінде тартуды көздейтін «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізіліп жатыр. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыруға республиканың 252 кәсіпорны қосылып, онда 600-ден астам жұмыскер ішкі бақылауды жүзеге асырып жатыр.


2019 жылдан бастап министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру болйынша белсенді жұмыс атқарылып келеді. Оған 440 кәсіпорын қосылғанын айта кету керек.


Сонымен қатар Қазақстанда «Онлайн еңбек консультанты» электронды сервисі де іске қосылды. Ол жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында қашықтықтан өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін еңбек заңнамасының сақталуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзіндік тексеруден өтуін қарастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04