Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сотта жалған куәлік бергендерге қандай жаза қолдан...

Сотта жалған куәлік бергендерге қандай жаза қолданылады?

Заң мен тəртіп 06.05.2025, 11:22 1,141
Сотта жалған куәлік бергендерге қандай жаза қолданылады?
Cурет: freepik.com

Қоғамда жиі кездесетін, бірақ құқықтық салдары ауыр әрекеттердің бірі — сотта жалған куәлік беру. Бұл туралы заңгер Қуат Ауғанбек пікір білдіріп, мұндай әрекеттің салдарына жұрттың назарын аударды. Толығырақ Аqshamnews.kz тілшісінің материалында. 

"Жалған куәлік беру — қылмыс"

Заңгердің айтуынша, сот тергеуі барысында шындыққа жанаспайтын, өтірік ақпарат беру — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде нақты жазаланатын әрекет.

"ҚР ҚК-нің 419-бабы бойынша, қылмыстық істі тергеу немесе сот талқылауы кезінде жалған куәлік берген адам 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарына тартылады. Кей жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылады. Егер жалған куәлік ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасыру үшін берілсе, онда жаза тіпті қатаяды", – дейді Қуат Ауғанбек.

Куә болу — құқық қана емес, жауапкершілік

Заңгер жалған куәлік берудің адам тағдырын бұзуы мүмкін екенін еске салып отыр. Оның айтуынша, шындықты бұрмалау әділеттілікке кері әсер етеді.

"Әрбір азамат сотқа шақырылып, куә ретінде жауап бергенде, тек шындықты айтуға міндетті. Бұл моральдық және құқықтық жауапкершілік. Себебі жалған куәлік біреудің тағдырын өзгертіп жіберуі мүмкін. Кінәсіз адам жазаға тартылып, ал қылмыскер жауапкершіліктен жалтарып кетуі ықтимал", – дейді заңгер.

Кейбір жағдайлар жазадан босатуы мүмкін

Сонымен қатар Қуат Ауғанбек заңда жалған куәлік үшін кейбір ерекше жағдайларда адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік бар екенін де айтты.

"Егер адам жалған куәлік берген соң, бұл әрекетті өз еркімен әшкерелеп, шындықты айтса, сот оның әрекетін жеңілдететін жағдай ретінде қарай алады. Бұл — заңда көзделген мүмкіндік", – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #Куәлік #Жаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика