конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда 558 мыңнан астам адам қант диабетімен...

Қазақстанда 558 мыңнан астам адам қант диабетімен тіркеуде тұр

Медицина 14.11.2025, 17:23 809
Қазақстанда 558 мыңнан астам адам қант диабетімен тіркеуде тұр
Сурет: Gov.kz

Бүгін - дүниежүзілік Қант диабетімен күрес күні.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бұл дерт қазірдің өзінде 500 миллионнан астам адамға әсер етіп, жыл сайын таралуы артып келеді. Қант диабеті - соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары және аяқ ампутациясына дейін жеткізетін аса қауіпті созылмалы ауру.

Қазақстанда қазіргі уақытта 558 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр, олардың 6 мыңнан астамы - балалар. Науқастардың 95%-ы, яғни 530 мың адам, 2 типті қант диабетіне шалдыққан.

Мемлекеттік қолдау және тегін дәрі-дәрмек

Қазақстанда инсулиндердің кең спектрі бар және олар барлық санаттағы пациенттерге тегін ұсынылады. Қант диабеті бар азаматтар емханалар арқылы тегін консультация алады, учаскелік бақылауда болады, асқынулар бойынша мамандандырылған көмекке жүгінеді. Сондай-ақ инсулин, таблетка және инъекциялық қант төмендететін препараттар, глюкометрлер, тест-жолақтар, помпалар секілді құралдардың кең тізбесі де тегін беріледі.

Қант диабеті - денсаулық сақтау саласындағы ең шығынды бағыттардың бірі. Оны емдеуге жылына 46 млрд теңге жұмсалады, бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджетінің 22%-ын құрайды. Бір пациентке кететін жылдық шығын 618 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

2025 жылдың қаңтарынан бастап қант диабетін қаржыландыру МӘМС жүйесі арқылы жүргізілмек. Ал 2026 жылдан бастап диабетті ерте анықтау скринингі ТМККК аясында барлық азамат үшін тегін қолжетімді болады.

Ауруды басқаруға болады – дұрыс өмір салты маңызды

Екінші типті қант диабеті көбіне 45 жастан асқан адамдар арасында кездеседі. Басты қауіп факторлары: артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың аздығы, тұқым қуалаушылық, жоғары қан қысымы және липид алмасуының бұзылуы.

Диабеттің алдын алу бойынша негізгі кеңестер:

  • Дене салмағын бақылау: салмақтың 5–7% төмендеуі қауіптің өзін айтарлықтай азайтады.

  • Рационнан қантты, ақ ұн өнімдерін және тәтті сусындарды шектеу.

  • Күніне кемінде 30 минут белсенді қозғалыс.

Қант диабеті мыңдаған қазақстандықтың өмір сапасына әсер ететін маңызды дерт болғанымен, оны басқаруға және бақылауға болады. Бұл ретте пациенттің өмір салтын өзгертуге деген жауапкершілігі шешуші рөл атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қант диабеті #күрес күні #дерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);