AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қаржы министрлігі салық нормаларын алдын ала түсін...

Қаржы министрлігі салық нормаларын алдын ала түсіндіретін жүйені енгізуді қолға алды

Қаржы 15.11.2025, 11:45 499 dulatbekova
Қаржы министрлігі салық нормаларын алдын ала түсіндіретін жүйені енгізуді қолға алды
Сурет: Gov.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінде салық рулингі жүйесін енгізуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Бұл тетік бизнеске мәміле жасамас бұрын салық міндеттемелері бойынша ресми түсініктеме алуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz..

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтқандай, бұл жүйе компанияларға жоспарланған операцияларды алдын ала талдап, салық органдарынан ресми түсініктемелер алуға көмектеседі.

«Мысалы, белгілі бір компания тауарларды жеткізуге байланысты келісімшартқа отыруды жоспарласа, ол қандай режімде салық төлеп, есеп жүргізетінін алдын ала нақтылай алады. Мемлекеттік органның мамандары осындай болжамды міндеттемелер бойынша жауап беруге міндетті», деді Қаржы министрінің орынбасары. 

Тың тетік жаңартылған Салық кодексі шеңберінде көлденең мониторинг форматында іске асырылды. Бұл амал салық төлеушілерге өз қызметі туралы мәліметті толықтай ашық етуге, ал салық органдарына операцияларды объективті бағалап, сын-қатерді азайтуға жол ашады. Осы ретте қазір көлденең мониторинг бойынша қанатқақты жоба іске асырылып, оған 25 ірі компания қатысып жатқанын айта кетейік.

Дөңгелек үстелге жиналған азаматтар мониторингтің аталған түрі ашықтықты қамтамасыз етіп, әкімшілік жүктемені азайту мен салық дауларының алдын алуға септесетінін айтты. Вице-министр әзірше барлық салық төлеушіге алдын-ала түсіндіру тетігін қолдану орынсыз екенін жеткізді. Бұл операцияларды егжей-тегжейлі талдау қажеттілігіне, салық тәртібіне қойылатын жоғары талаптар мен фискалды органдардың шамадан тыс жүктелу қаупіне байланысты.

Қаржы министрлігі жаңа тәсілге қолжетімділікті кеңейту үшін жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар қарастырылған деректер базасын құруды қолға алды.

«Былтыр 400 мыңға жуық салық төлеуші ҚР Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге өтініш білдірді. Біз жасанды интеллект элементтері бар іздеу жүйесін әзірлеп жатырмыз. Онда қарапайым сұрақтар қойып, қажетті жауап алуға болады», деді Е.Біржанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық нормалары #алдын ала түсіндіру #қаржы министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);