AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ҰҚК діни радикалдардың әрекетін әшкереледі: төрт к...

ҰҚК діни радикалдардың әрекетін әшкереледі: төрт күдікті ұсталды

Заң мен тəртіп 06.05.2025, 11:25 1,015
ҰҚК діни радикалдардың әрекетін әшкереледі: төрт күдікті ұсталды
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, Астана қаласы мен Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында діни радикалдардың заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесті.

Терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен төрт Қазақстан азаматы ұсталды. Ұсталғандардың бірі бұрын сотты болған. Олар әлеуметтік желілер арқылы заңсыз әрекеттер жүргізген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, бұрын тергелген істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының үш тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар әлеуметтік желілерде және өз ортасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқаны үшін жауапқа тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #діни радикалдар #күдікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);