Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Ел аумағындағы автожолдардың кейбір учаскелері жаб...

Ел аумағындағы автожолдардың кейбір учаскелері жабық

Хабарлама 15.11.2025, 10:20 484
Ел аумағындағы автожолдардың кейбір учаскелері жабық
Сурет: Sn.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы автожолдардағы қазіргі ахуал туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 15 қарашада сағат 08:00–де бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты енгізілген уақытша шектеулер алынып, Батыс Қазақстан облысында қозғалыс толық ашылды:

• «Атырау-Орал» автожолы, 372-492-шақырым, (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін);
• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолы, 195-246-шақырым, (РФ шекарасы Сырым ө/п — Орал қ. МАИ бекеті).

Ал екі өңірде шектеулер әлі де күшінде.

Солтүстік Қазақстан облысы

9 қараша күні сағат 11:00–де қолайсыз ауа райына (жауын-шашын, ауыр жүк көліктерінің көптігі) байланысты «Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында, яғни Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы

5 қарашадан бастап тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай –Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Бұл шара таулы жерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып, қыс маусымы аяқталғанға дейін күшінде болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жабық #Ашық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика