AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Шэньчжэньде алғашқы қазақ-қытай бизнес-форумы өтті

Шэньчжэньде алғашқы қазақ-қытай бизнес-форумы өтті

Саясат 16.08.2023, 06:44 1,308 Almaty-akshamy.kz. 
Шэньчжэньде алғашқы қазақ-қытай бизнес-форумы өтті
Сурет: primeminister.kz

Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері биылғы 14 тамызда өткен қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада Қытайдың ықтимал инвесторларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.


Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыс байланысты атап өтті.


Вице-премьер Қазақстанға тартылатын инвестициялардың негізгі үш бағытын айқындады.


Біріншісі – логистика, ол қолданыстағы бағыттарды дамытып, жаңа бағыттарды ашуды, инфрақұрылым жүргізіп, жүктеу-түсіру орталықтарын ашуды көздейді. Осы бағыт ірі көлік операторлары үшін ерекше қызығушылық тудырады.


Бүгінде шекара маңында сауда-экономикалық хабтар, логистикалық орталықтар желісі құрылуда, олар әрі қарай кеңейту әлеуеті бар ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің негізі болмақ. Қазақстанның әр облысындағы ерекшеліктерді ескере отырып құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар. Оларға салықтық преференциялар пулы ұсынылып, арнайы құқықтық режим қолданылады. Салықтар мен баждарды төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференциялармен қоса, жақында инвесторларға бастапқы кезеңде жүктемені азайтуға бағытталған инвестициялық салық несиесі енгізілді. Яғни инвесторларға корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы аясында төлемдерді үш жылға дейінгі мерзімге 100%-ға төмендету мүмкіндігі беріледі, - деді С. Жұманғарин.

Бүгінгі таңда Қытай шекарасында кедергісіз сауданы дамыту үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) қалыптастыру толығымен аяқталды. АЭА инфрақұрылымына индустриялық және логистикалық аймақтармен қатар, 2015 жылы елдің шығысында жүктерді жинау мен тарату үшін іске қосылған құрғақ порт кіреді. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлестікте логистикалық терминал құрылды, ол бүгінде Қазақстанға/Қазақстаннан жүктерді жинайтын негізгі бекет болып отыр. )9р5а0 порт Қытаймен шекарадағы «Жетіген – Қорғас» теміржолы және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралімен технологиялық байланыс негізінде және ірі көлік-логистикалық операторларды тарту арқылы Еуразиялық трансконтиненталдық тасымалдарды дамытудың жаңа кезеңін ашты.


Вице-премьер инвестициялар үшін екінші бағыт ретінде өнімді терең өңдеуді, ал үшінші бағыт ретінде ауыл шаруашылығын атап өтті.


Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда 2022 жылы рекордты көрсеткіштерге жетіп, 24,1 млрд долларды құрады. Атап айтқанда, қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірден астамға артып, 13,2 млрд доллар болды. Импорт 33,5% артып, 11 млрд долларды құрады. Елдер арасындағы сауда-саттық 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта 20,5% көбейіп, 13,6 млрд долларды құрады, оның ішінде 6,3 млрд доллар қазақстандық экспортқа тиесілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан-Қытай #бизнес-форум #Ынтымақтастық #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);