Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік наградамен марапатталды

Мемлекеттік наградамен марапатталды

Әлеумет 16.08.2023, 06:20 1,098
Мемлекеттік наградамен марапатталды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматыда «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтар Қазақстан Президентінің атынан марапатталды


Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.



Атап айтқанда, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен «Expo Masters» ЖШС менеджері Тілеужан Ахметханов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Эльдар Исмаилов, «Gask Construction» ЖШС автокран операторы Йерделен Халил, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Кенан Мамедов, сонымен қатар, «Frank-Asia» ЖК автокранының операторы Вадим Романов марапатталды.



Ол егер қауіп-қатерге қарамастан, адамдарды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігкен азаматтарымыздың батылдығы болмаса, өрттің салдары одан да ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті.




«Бұл қайғылы оқиға халқымыздың басқалар үшін қаншалықты бей-жай, жанашыр және тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін. Дәл осындай адам - жауапты азамат, «Адал азамат» туралы Мемлекет басшысы жақында өткен құрылтайда айтты. Бәріміз мұндай қамқор адам болуға тырысамыз», - деді Ерболат Досаев.



Сонымен бірге, қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ақкент #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика