Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Шегірткені табыс көзіне айналдыруға болады

Шегірткені табыс көзіне айналдыруға болады

Керек кеңес 21.06.2024, 08:33 1,165
Шегірткені табыс көзіне айналдыруға болады
Сурет: Zhalagash-zharshysy.kz

 Қаптаған шегірткеден құтылудың амалы: шетелге сатып, пайда табу керек. Отандық ғалымдар Үкіметке арнайы ұсыныс әзірлеп жатыр.

Жыбырлаған жәндікті елімізде  мал азығына пайдалануға болса, жат жұртта адамдар жей береді. Шегірткені аулап, шетелге сату керек. Қазақстандық ғалымдар жәндікті аулау технологиясын жасауға дайын отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Егер Үкімет қолдаса, шырылдауық шегіртке табыстың көзіне айналады.

Бауыржан Қасенов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Шегірткемен күрес тек химиялық ретінде емес, тек қана күрес болмауы керек. Оның да пайдасын көру керек. Қасымызда 1,5 млрд қытай бар, өзіңіз білесіз. Ол жақта, мысалы, шегірткені жейді. Таиландта жейді. Мысалы, сол Таиландта 1 келі шегірткенің бағасы 7 мен 10 доллардың арасында тұрады. Соған қарағанда неге біз оны пайдаланбаймыз? Біздің мақсат енді Нидерланды сияқты жеке ферма арқылы ақша салып, көбейту емес. Ол тек қана жылына бір рет 2-3 жұманың ішінде қолданылады, осындай көп болып кетсе. 

Ғалымның айтуынша, қазір шегірткені 2 млрд-тан астам адам жейді. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда сұраныс зор. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде кеңінен пайдалануға болады.

Бауыржан Қасенов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Балыққа, тауыққа, малға дегендей жемшөп қоспалары ретінде пайдалансақ, біздің ауыл шаруашылығының көп проблемасы шешіледі. Мысалы, ақуыздың шегірткедегі үлесі – 70%, етте, қара малдың етінде 20-25% болса, 3 есе артық. 

Дегенмен шегірткені аулайтындар көбейсе, құрып кетуі де мүмкін. Мамандар: «бұл экологияға кесірін тигізеді», – деп отыр. 

 Ғани Назарбек, «Байтақ болашақ» республикалық экологиялық альянсының президенті:

-Мәселен, біздің Қазақстанда 527 құстың түрі болса, оның ішінде жартысынан көбі осы шегірткемен қоректенеді. Одан да бөлек, бізде басқа да бауырмен жорғалаушылар немесе кемірушілер отрядындағы шегірткемен қоректенетін жануарлар бар. Өте көптеген түрге шегіртке негізгі азықтық қор болып есептеледі. Ал енді бірақ шегірткенің де табиғатта шамадан тыс көп болуы – ол да үлкен зиян. «Кейінгі жылдары климат жылынғанынан шегіртке көбейіп кетті», – дейді эколог.

Алдағы жылдары да шегіртке көп болуы мүмкін. Ал отандық ғалымдар оның көзін жоюға қыруар қаржы жұмсамай-ақ, шетелге сатуды ұсынып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шегіртке #табыс көзі #шетелге сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика