Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Электрондық темекі мен вейптер айналымы үшін қылмы...

Электрондық темекі мен вейптер айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

Заң мен тəртіп 21.06.2024, 08:19 667
Электрондық темекі мен вейптер айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген
Сурет: Polisia.kz

ІІМ шегуге болмайтын темекі өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Құрметті азаматтар! 2024 жылғы 20 маусымнан шегілмейтін темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелері, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске сәйкес шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар, темекі жапырағынан әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жатады. Олар сору, шайнау, иіскеу үшін дайындалады. Электрондық тұтыну жүйелеріне, вейптерге құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, хош иістендіргіштерді қыздыратын құрылғылар жатады. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Ішкі істер министрлігі тұрғындарға және кәсіпкерлерге қабылданғалы жатқан өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді. Аталған заттарды сату және тарату фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi тұлғаға 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, я болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады. Осы заттарды әкелгені және өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Егер айтылған іс-әрекеттер адамдар тобымен, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Құрметті азаматтар! Заңнамадағы көрсетілген өзгерістер еліміздің болашағы – балалар мен жастардың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ержан Жақсылықов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вейптер #айналым #қылмыстық жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика