конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шаруалар тіршілігі неге шатқаяқтап тұр?

Шаруалар тіршілігі неге шатқаяқтап тұр?

Әлеумет 13.08.2024, 14:06 957 Nursok82
Шаруалар тіршілігі неге шатқаяқтап тұр?
Сурет: ашық дереккөз

Жыл өткен сайын ауылшаруашылықпен айналысатын шаруалардың жұмысы шатқаяқтап барады. Неге? Өткен жылы қаншама шаруа пияз егіп шығынға молынан батты. Қауын-қарбыз егуші диқандар да бірнеше жыл өнімдерін далада қалдырды. Соның салдары ма биыл Қазақстанда бақша дақылдарының егіс алқабы 8,9% - ға азайыпты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (ҰБС) есептеріне сәйкес, биылғы маусымда қарбыз мен қауын 98,1 мың гектар жерге егілген. Салыстырмалы түрде өткен жылы жалпы егіс алқабы 107,6 мың гектар болған. Биылғы жылы қауын-қарбызды егуге шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер көбірек басымдық беріпті. Нәтижесінде егіс алқаптардың 82%-на кәсіпкерлер дән еккен. 

Биылғы жылы да қауын-қарбыз егуден Түркістан облысынан ешкім басып оза алмады. Еліміздегі ыстық аймақта қауын-қарбыз алаңы 73,8 мың гектарға жеткен. Бұл ел аумағы бойынша жалпы алаңның 75,2%-ы. Оңтүстік облыстарда қауын өсіретін ортаңқол шаруалар да бар. Бірақ олар бюджеттен көмек болмаған соң құлқы кете бастаған. Жалпы егіс алқабының 17,9 мың гектарына дақыл еккен.

Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, өткен жылы диқандар 2,8 миллион тонна бақша дақылдарын жинаған. Оның 1,4 миллион тоннасы қарбыз. Бұл қиын, құрғақшылық орын алған өткен жылғы жеткен жетістік. Ал 2024 жылы суармалы су жағдайы жақсы жаққа өзгерді. Көктемгі су тасқынынан кейін Шардара сумен жабдықтау қоймасы 90% - ға толды. Демек Түркістан облысының диқандары үшін бұл өте қолайлы жағдай. Тіпті, осындай мүмкіндікті пайдаланып, екінші рет өнім алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан былтырғы көрсеткішті басып озуға ниет білдіруі тиіс. Өткен жылғы көрсеткішті жаңарта алар ма екен. Оны уақыт еншісіне қалдырдық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауын-қарбыз #Егістік #өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Қазгидромет" алматылықтарға тағы да ескерту жасады

Бүгін 12:10

Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Бүгін 12:03

Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Бүгін 11:44

Алматы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туризмді дамыту бағытындағы жұмысы үшін үш халықаралық марапатқа ие болды

Бүгін 11:38

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңашылдықтар, өзгерістер және толықтырулар

Бүгін 11:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);