Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері 36 мыңнан астам жаңа жұм...

Алматыда жыл басынан бері 36 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Әлеумет 13.08.2024, 14:09 754
Алматыда жыл басынан бері 36 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

 

Халықты жұмыспен қамту мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Ағымдағы жылдың 7 айында жұмыс іздеп жүрген 43,5 мың қала тұрғыны Еңбек мобильділігі орталығына жүгінді, оның ішінде 33 мың адам жұмыссыз мәртебесін алды. Жалпы, осы кезеңде 31 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (16 млрд.теңге бөлінді), оның ішінде тұрақты жұмысқа 4,4 мың адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 9,8 мың адам жұмысқа орналастырылды», - деді Бауыржан Жаубасов.

Еnbek.kz платформасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша және дағдыларға оқытудан 2 мың адам өтті. 
Ісін жаңа бастаған 177 кәсіпкер 1,5 млн.теңгеден  мемлекеттік гранттар алды, олардың негізгі үлесін немесе 68%-н (120 адам) көпбалалы отбасылар құрайды, сондай-ақ 46 адам мүгедек адамдар және мүгедек балаларды  тәрбиелеп отырған отбасылар. 
 
ӨКҚ спикері атап өткендей, қысқа мерзімді оқытуға жолдама беру маусым айынан басталды, бүгінгі күні 358 жұмыссыз оқиды (жоспар 950 адам). Оқыту кейіннен жұмысқа орналасумен жүргізіледі. 

 «Оқу орталықтары (17 кәсіп бойынша 25 оқу орталығы) білім алушылардың кемінде 60% -н жұмысқа орналастыруға міндетті. Сондай-ақ жұмыс берушілер базасында (26 кәсіп бойынша 15 жұмыс беруші) жұмыссыздарды кейіннен кәсіпорында жұмысқа орналастырумен оқытудан өтеді»,  - деп нақытылады ол.  

14,5 мың оқушы, студенттер мен жұмыссыздар арасында кәсіптік бағдар өткізілді.

 «Ағымдағы жылы іске асырылып жатқан тұжырымдамалар мен кәсіпкерлік субъектілері шеңберінде 36 628 жұмыс орны құрылды (87 025 жоспарының 42%), оның ішінде 26 573 тұрақты жұмыс орны (68 296 жоспарының 39%), 10 055 уақытша жұмыс орындары (18 729 жоспардың 53,7%.)», - деп атап өтті Б.Жаубасов.  

Осылайша, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекет іске асыратын барлық шаралар қалада жұмыссыздық деңгейін 1 тоқсанда 5% - дан 4,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл республика бойынша көрсеткішпен бірдей деңгейде.

Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа орналастыру бағдарламасы да іске қосылған.  

 «Бұрында айтқанымдай, біз зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға тарту бойынша тең жағдайлар жасау, олардың белсенді физикалық және эмоционалдық жағдайын қолдау, тәлімгерлік институтының ұжымдарында дамыту мақсатында жұмысқа орналастыру бойынша Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын енгіздік. Еңбекке ақы төлеу екі көзден жүргізіледі: қала бюджеті қаражаты есебінен 85 мың теңгеден аспайтын субсидиялау, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен белгіленген жалақы мөлшерінің кемінде 50% мөлшерінде. Бүгінгі таңда 200-ге жақын зейнеткер жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспары 500 адам», - деп  толықтырды Бауыржан Жаубасов. 

Бұл бағдарлама 1,5 мыңға дейін зейнеткерді қамти отырып 2024-2026 жылдарға арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бауыржан Жаубасов #халық #жүмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика