ffin.kz

Сайлау–2024: Молдова саяси дағдарыс алдында тұр

Сайлау–2024: Молдова саяси дағдарыс алдында тұр mir24.tv

Келесі жылы Молдовада кезекті президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Майя Санду екінші мерзімге сайлануға мүдделі. Алайда, оппозиция оған өз мақсаты­на жетуге мүмкіндік бермеуі мүмкін.


Қазір Молдовада 3 негізгі саяси күш бар. Олар Майя Санду мен оның жақтастары, экс-президент Игорь Додон және олигарх Илан Шор. Майя елді Еуропаға бет бұру­ға үгіттесе, Илан Ресей және ТМД елдерімен интеграцияны қолдай­ды. Игорь Додон соңғы кездері биліктің еуропалық бағытын сынай бастады. Соған қарағанда негізгі дода Санду мен Додон арасында болатын түрі бар.


САЯСИ БӘЙГЕ ҚЫЗА ТҮСТІ


Майя Санду Молдованың 6-президенті. Оған дейін бұл қыз­метті Мирча Снегур, Пётр Лучинс­кий, Владимир Воронин, Николай Тимофти, Игорь Додон атқарған. Ел 2009–2012 жылдары терең саяси дағдарысты басынан өткізді. Осы аралықта 3 бірдей президент ел басқарды.


Қандай саяси режим болмасын бәрінде бір қатып қалған ереже бар. Ол билікке талас. Мейлі ол демок­ратия, авторитаризм, тіпті тотали­таризм болсын. Сарапшылар өзге елдегі саяси жағдайды сырттай ба­қылайтын болса, осы бір ережеге арқа сүйегені жөн. Молдовадағы 2024 жылы өтетін сайлау алдында­ғы негізгі саяси ойыншылар ара­сында билікке талас күшейді. Оған билік пен оппозицияның әрекеттері дәлел.


Сандудың саясаттағы жолын ашқан экс-президент Николай Ти­мофти. Ол 2012 жылы 24 шілдеде Майяны Білім министрі етіп таға­йындайды. Сонымен қатар, бұл шешім елдің еуроинтеграцияға бет бұруына өзі білмесе де ақ батасын берді.


Майя Санду экс-президенттің бастаған сара жолын жалғастыру­да. Басты мақсат – ЕО мүшесі болу. Еуроинтеграциялық көзқарастар экс-президенттің тұсында күшейді. 2014 жылы алғаш рет ЕО-пен ын­тымақтастық туралы келісімге ке­луге ұмтылды. Сол жылы Мәскеу Молдованың кейбір тауарларының импортына шектеу қойды. Жеміс- жидектерге, консервіленген тауар­лар мен виноға эмбарго жариялан­ды. Бұл онсыз да әлсіз экономикаға ауыр соққы болды. Сондықтан 2016 жылы сайлауда Игорь Додон жеңіске жетті.


Еуропалық бағыттың әлсіреуі­не банк секторындағы жемқорлық та әсер етті. Олигарх Илан Шормен бірге еуропалық интеграцияны қолдайтын Либерал-демократия­лық партияның негізін қалаушы, әрі экс премьер-министр Влад Фи­лат та ірі қаржылық дауға іліккен.


Оған қарсы олигарх Илан Шор әрекет етуде. Ол «ШОР» партиясы­ның төрағасы. 2015–2019 жылдары Орхей қаласының примары (әкім) болған. Ол жалпы саяси жүйеге ыңғайсыз саясаткер болған. 2017 жылдан бастап оған қарсы қыл­мыстық істер қозғалған. 21 мау­сымда елдің банк жүйесінен қаржы жымқырды деген айыппен оны Кишинев соты 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Одан соң 2020 жылы 26 маусымда оған қарсы халықаралық іздеу жарияланды.


Былтырдан бері Илан Шордың жақтаушылары саяси белсенділікті бастады. Жер-жерде кішігірім на­разылықтар өтуде. Олар биліктің шешімдеріне наразылық білдіріп келеді. Биыл 13 сәуірде банк ісі бойынша апелляциялық сот өтіп, оны сырттай 15 жылға бас бостан­дығынан айырады. Себебі, қазір ол Израильде өмір сүреді. Бұл жағдай билікке қарсы наразылықты одан сайын күшейтті. 21 мамырда Бель­цах, Орхей және Комрат қалала­рында «Шор» партиясының бас­ш ы л ы ғ ы м е н ү к і м е т ке қ а р с ы митингтер өтеді. Наразылар билікті сынап, сыртқы саясатты айқындай­тын референдум өткізуді көздейтін декларацияны бекітті.


Наразылық акцияларын өткізу орындарын таңдаудың да саяси се­бебі бар. Илан Шор Орхейде біраз жыл басшы болған. Сондықтан оны қолдайтын азаматтардың бо­луы түсінікті. Ал Бельцах елдің астанасы Кишиневтен кейінгі ірі қала. Біздің Алматы сияқты. Саяси белсенді азаматтар көп. Ал Комрат қаласындағы белсенділік Санду билігіне басты тәуекел. Себебі, ол автономия болып табылатын Ғағау­зияның астанасы.


Президент пен Ғағаузия бас­шылығы арасындағы дау былтыр басталған. Ал биыл Ғағаузия баш­каны Ирина Влах Майя Сандуға қарсы сыни мәлімдемелерді үдетті. Билік 21 мамырда Илан Шормен бір уақытта еуроинтеграцияны қол­дап, ірі қалаларда митинг ұйымдас­тыруды жоспарлаған. Ол жоспары іске де асты. Алайда, оған Ирина Влах қарсы болды. Оның айтуын­ша, митинг өткізудің қажеті жоқ. Себебі, Молдова ЕО-қа үміткер ретінде тіркеліп қойған.


ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ САЛМАҒЫ БАСЫМ


Биыл сәуірде Игорь Додон Со­циалистер партиясының басшылы­ғына қайта оралды. Сондай-ақ, соңғы уақыттары биліктің шешім­деріне жиі сын айта бастады. Әсі­ресе, ол Ресеймен қарым-қатынас­ты түзеуге мүдделі. Бұл жағынан Илан Шормен позициясы ұқсас. Алайда, екеуі бір коалиция құрмай­тын сыңайлы. Себебі, Додон «Шор» партиясы өзіне жақтастар­ды лас саяси технологияларды қолданып жинауда деп мәлімдеме жасаған.


Саяси аренаға «Молдованың Демократиялық партиясы» да қай­та оралуы мүмкін. Олар 2019 жыл­ға дейін парламентте басым дауыс­қа ие болған. Сол кезде олигарх Владимир Плахотнюк партияның төрағасы еді.


Молдованың парламенті 101 депутаттан тұрады. Олар 4 жылға сайланады. «Молдованың Демок­ратиялық партиясы» IX шақыры­лымда парламентте негізгі саяси күшке айналды. Алайда, 2017 жылы ғана толық саяси күшке ие болды. Владимир Плахотнюктің үстінен қылмыстық іс қозғалып, партиясының беделі түсе бастаған.


Өткен жылы қарашада партия­ның атауы өзгерді. Енді олар Со­циал-демократиялық еуропалық партия деп атала бастады. Атауы айтып тұрғандай, олар еуропалық интергацияға бағытталған саяси күш. Олар осылайша 2025 жылы парламент сайлауына дайындықты бастап кетті. Сондықтан парла­ментте орын алу мақсатында Майя Сандуды қолдауы мүмкін.


Сайлауға басты үміткерлер Майя Санду мен Игорь Додон бол­ғанымен, қазіргі президент екінші рет жеңіске жететін сыңайлы. До­дон жеңгеннің өзінде оның баста­маларына Сандудың «Әрекет пен ниеттілік» партиясы қарсылық көрсетеді. Себебі 101 орынның 63-і осы партияға тиесілі. Сондықтан ол президенттікке үміткер ретінде өзін ұсынса да, басты мақсаты бұл емес, келесі парламент сайлауына дайындық.




«Аlmaty-akshamу», №91,  1 тамыз, 2023 жыл



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32