AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрылысшылар одағы Үкіметке 5 пайыздық ипотека дай...

Құрылысшылар одағы Үкіметке 5 пайыздық ипотека дайындауды ұсынды

Әлеумет 09.09.2022, 04:34 1,057
Құрылысшылар одағы Үкіметке 5 пайыздық ипотека дайындауды ұсынды
Сурет: Мastera-remonta.com

Оның несие мөлшерлемесі 0-ден 5 пайызға дейінгі аралықта болуға тиіс.


Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін үкімет қолжетімді ипотекалық бағдарлама дайындау керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өйтпеген жағдайда баспана мәселесі ушығып, алдағы 7-8 жылда үйге мұқтаждар саны 10 миллион адамға дейін артуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстан Құрылысшылар Одағы ұйымдастырған жиында айтылды.


Одақ өкілдері үкімет құрылыс саласын қаржыландыру қажет деп санайды. Содан кейін елімізде ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін құрылыс материалдары өндірісін дамыту керек. Яғни, оған да жоба жасап, қаржы бөлген жөн. Себебі құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден келеді. Қазақстанда соңғы 20 жыл бойы пәтер бағасы жыл сайын кем дегенде 10-20 пайызға қымбаттайды.



«Егер қазірден бастап, Үкімет құрылыс саласын дамытуға қатысты тиісті шаралар қабылдамаса бұл үрдіс тоқтамайды», - дейді жиынға қатысушылар.



Айта кетері, Біріккен Ұлттан ұйымының стандартына сәйкес, бір адамға баспана кем дегенде 30 шаршы метрден келуге тиіс, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең.



«Жұмысшылар, тас қалайтындар, ағаш өңдейтіндер, өндірісте істейтіндер кезекке тұра алмайды. Неге ондай айырмашылық бар? Бір азаматтың құқығы басқа азаматтан артық па? Бұл әділетсіздік деп санаймын. Сондықтан біздің нарыққа ипотека керек», - дейді «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төралқа төрағасы Талғат Ерғалиев.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #ипотека #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);