Жөтел көбіне суық тигізіп алғаннан пайда болады, ал кейде ол бронхит немесе пневмонияның белгісі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, онымен мүмкіндігінше тезірек күресу керек. Қазір үлкен-кішіге қарамай, жөтел тамақтан алып тұрған кезде, біздің кеңесіміз пайдаңызға жарасын.
Жөтелді емдеуді кешенді түрде жасау керек. Жөтелден дәрігердің жазып берген дәрі-дәрмектерін ішіп, сондай-ақ халық еміне жүгіну арқылы емделуге болады.
Тамақтың жыбырлауынан басталып, жұтындырмай ауыртатын, әрі қарай одан да асқынатын жөтел, әсіресе, қыс мезгілінде біраз адамның мазасын алады. Көбінесе жөтел адамды жатқан кезінде жиі мазалайды, түнде ұйықтауға мүмкіндік бермейді, осының кесірінен адам толығымен тыныға алмай, шаршап оянады.
Ауру симптомы 1-2 күнде өтіп кетуі мүмкін немесе ұзақ кетпейтін кезі де болады. Үй жағдайында жөтелді емдеуге бола ма? Өзіңізге зиян келтірмеу үшін қандай ережелерді сақтау керек?
Ең алдымен, мұның жеке ауру емес, тек симптом екенін атап өткен жөн, сондықтан дәрігерге бару қажет. Әсіресе, адамның қандай да бір созылмалы аурулары болса, асқынып кетуі мүмкін.
Дегенмен, сіз дәстүрлі медицинаға сенсеңіз, оның халық емін дәріхана құралдарымен салыстырудың, сондай-ақ дәрігер тағайындағандардан бас тартудың қажеті жоқ. Халық емі қосымша пайдасын тигізеді, бірақ кейде емдеу тұрғысынан баяу әрекет етеді. Кейбір қолдан жасалатын емге бірнеше күн бойы дайындалу керек, ал ауырып тұрған организмге әрбір минут маңызды. Сондай-ақ, үй рецептері аурудың алғашқы белгілерінде ғана көмектеседі, өйткені олар асқынып кеткен жағдайларды жеңе алмайды, тіпті, бұл жағдайда өзін-өзі емдеу қауіпті болуы мүмкін.
Сондай-ақ, кез келген шөп, гүл, халықтық өнім аллергия тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Оларды қабылдамас бұрын, сізде аллергия жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Құрғақ жөтелге қарсы халық емі
Бұл жағдайда негізгі міндет - қақырықты шығару. Төмендегі тізімделген барлық осы өсімдіктер осыған көмектеседі.
Жолжелкен
1 ас қасық құрғақ жолжелкен жапырақтарын бір стақан қайнаған суға араластырыңыз. Оны 2 сағат тындыры, сүзіп алыңыз. Тамақтанудан 20 минут бұрын күніне 4 рет 1 ас қасықтан ішіңіз.
Шалғам
Бұл - жөтелге қарсы өте тиімді әсер ететін көкөніс. Шалғамды әр түрлі өнімдермен бірге қолдануға болады. Мысалы, сәбіз шырыны мен бал қосылған шалғам шырыны. Немесе жай ғана балға аралстырыңыз. Сағат сайын 1 ас қасықтан ішіңіз. Бірақ ең жиі қолданылатын әдіс - бұл бал қосылған шалғам сиропы (көкөністі ойып, ішінде ойыққа бал құйылады және сироптың шығуын күтеді), мұны да 1 ас қасықтан қолданыңыз.
Өгейшөп жапырақтары
Бұл өсімдікті дәріханада сатылатын жөтелге қарсы препараттардың құрамына қосады. Оны шай ретінде демдеп ішуге немесе тұнба жасауға болады - құрғақ жапырақтарға су құйыңыз, 15 минут қайнатыңыз. Тамақтанудан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан ішіп отырыңыз (күніне 6 ретке дейін).
Мия тамыры
1 ас қасық туралған тамырды бір стақан қайнаған су құйып, қайнатыңыз. Содан кейін оны 2-3 сағат тындырыңыз. Күніне 4-5 рет ас қасықтан қолдануға болады.
Зімбір тамыры
Одан тұнба жасауға болады (ұсақ үккіштен өткізіп, қайнаған суға салып, басқа шөптерді де қосуға болады, жарты сағатқа қалдырыңыз, содан кейін дәміне қарай бал қосуға болады). Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.