AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қос ғашық – сахнада

Қос ғашық – сахнада

Мәдениет 19.04.2023, 16:28 2,269 Ақтолқын Тұрлығазы
Қос ғашық –  сахнада
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Еңлік–Кебек» трагедиясының премьерасы өтті.


Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік–Кебек» трагедиясының премьерасы өтті. Қойылымға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты. Спектакль Шәкәрімнің шығармасы негізінде жазылған Мұхтар Әуезовтің туындысы бойынша сахналанды.


Қойылым тау бөктеріндегі абыздың ел тыныштығын ойлап, күңіренген жырларымен басталады. Бұдан кейін ерке Еңлік пен аңғал інісі Жапал тау-тастың арасында ән айтып жүреді. Кенеттен аң қуып бара жатқан жігіттің дауысын естіп, Еңлік оның олжасын атып түсіреді. Кебек пен Еңлік осылай кезігіп, бір-біріне ғашық болады.



Бір аптадан кейін сол таудың маңында кездесуге уағдаласады. Дегенмен, Еңліктей сұлуға Матай руының батыры Есен де сезімін білдіреді. Алайда, Еңлік Есенге деген сезімі жоқ екенін жеткізуге тырысады. Осылайша таудың етегінде махаббат үштігі кездесіп, батырлар жекпе-жекке шығады. Еңлік батырларға тоқтау салып, өз сөзін айтады. Осы кезде Еңліктің сұлу ғана емес, ержүрек, сөзге шешен екенін байқаймыз.


Спектакльде Кебектің рөлін Әділет Базарбайұлы, Еңлікті Захира Рахымжан ойнады. Қойылымды қарап отырып, абыздың рөлін Бекжан Тұрыстың шебер сомдағанын байқауға болады. Әр сәтінде елдің тыныштығын сақтауға тырысады. Дегенмен, тағдырдың жазғанынан ешкім де құтыла алмайды. Қос ғашық Еңлік пен Кебек күндердің бір күнінде қашып кетеді.


Екінші бөлімі Тобықты руындағы халықтың мазасыздығымен, «қарабет болдық, ұятқа қалдық» деген сөздермен басталады. Араздыққа сылтау табылып, Есен Еңлікті даулап, Тобықты руына барады. Жағдайды шешуге билер кеңесінің отырысы өткізіледі. Матай руының дауын даулап Еспенбет би (рөлді Болат Әбділманов сомдайды) сөз бастайды. Көбей бидің рөлін Ерлан Біләл ойнайды. Тобықтының атынан қос ғашықты аман сақтауға, орнына мал, байлықпен алмасуға сөз байласады. Десе де, қара ниетті, қандықол Есен батыр Еңлік пен Кебектің өлімін тілейді. Әйтпесе, екі рудың арасындағы жауластық соғысқа ұласататын хабарлайды. Осылайша Есен батыр руластарын ертіп, Еңлік пен Кебек тығылған үңгірді табады. Бұл кезде екі ғашықтың нәрестесі дүниеге келген еді. Өлім жазасына кесілер сәтте Еңлікке үш тілегін айтуға рұқсат беріледі. Бірінші – Кебекпен қоштасуын, екінші – бірге жерлеуін, үшінші – нәрестесін аман алып, Кеңірбай байға табыстауын өтінеді. Бұл тілектің екеуі орындалады. Еңлік пен Кебек бірге жерленеді. Екеуінің өлімінен кейін жартастағы бала жоғалып кетеді. Спектакль осылайша әсерлі аяқталады.



«Маған қойылым ұнады. Сахна да өте жақсы безендірілген. Қойылымның екінші бөлімі басқаша өрбіді. Билер кеңесінде сөйлеген сөздері бірінен-бірі өтеді. Бейнебір билердің ортасында отырғандай сезінесің. Осыған қарап-ақ қазақ ауыз әдебиетіміздің мұрасы бай екенін аңғаруға болады. Абай атамыздың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл» деген сөздері ойыма оралды. Расымен-ақ, ғашықтар қай заманда болмасын өз махаббатына адал болған. Қойылымды көріп отырып өне бойым шымырлай жөнелді», – дейді Әсел Рузибай есімді көрермен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңлік-Кебек #трагедия #премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);