Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өз сөзім өзімдікі / Көңіл кардиограммасындағы күз

Көңіл кардиограммасындағы күз

Өз сөзім өзімдікі 17.10.2025, 15:05 469
Көңіл кардиограммасындағы күз
ЖИ көмегімен салынған

Күз келгенде табиғат күрең бояуға малынып, көңіл де өзгеше бір күйге ауысады. Сыртта сарғайған жапырақ сыбдыры, іште толқып тұрған ой мен сезім… Бұл мезгіл адамды терең ойға жетелеп, жүректің үнін тыңдататын шақ. Күз – біреуге мұң, біреуге шабыт, ал кейбіреу үшін – өмірдің жаңа беті.

Күз – табиғаттың ғана емес, көңілдің де өзгеше мезгілі. Жаздың жалыны басылып, қоңыр салқын самал ескенде, адам жүрегінің ішкі әлемінде де бір тыныштық, бір сағыныш оянады.

Қоңыр күз – өмірдің өткіншілігін еске салатын уақыт. Уақыттың ізі аспанда бұлт боп, жерде жапырақ боп қалғанда, адам өзін өмірдің үзіліссіз кардиограммасындағы бір сызық секілді сезінеді. Сол сәтте жүректің соғысы да баяулап, ой мен сезім араласады.

Күз –  біреуге мұң, біреуге шабыт. Біреу өткенге оралып, сағыныштан сыр тартады, енді біреу жаңа бастамаларға бекінеді. Бірақ бәрінің ортақ күйі – жүректің үнсіз симфониясы.

Сондықтан күзді тек жыл мезгілі емес, көңілдің маусымы деуге болады. Ол жүректегі сезімдердің ретін келтіріп, тыныштықтың мәнін ұғындырады.

Күздегі көңіл күйдің аумалы-төкпелігі, жанның жалаңаштануы жайлы психолог Эльвира Ерғалина өзінің телеграм арнасында былай дейді:

Адам психикасы ауа райымен тығыз байланысты, оның өзгерісі көңіл күйге тікелей әсер етеді. Қазір күз келді, күн салқындады, жарық азайды, мұның барлығына біздің ағзамыз, жүйке жүйеміз, психикамыз бірден реакция береді, сондықтан кей адамның ештеңеге зауқы соқпай жата бергісі келеді, ұйықтай беруі мүмкін, көңіл күйі жоқ, біреулерді мұң басады, жылауы мүмкін, тағы біреуде агрессия көтеріледі. Мұндай кезде «маған не болды, тағы не көрінді» деп өзімізді түсінбей жатамыз.

Неге күзде адамдарды апатия басады дегенге келейік, тіпті біреулердің депрессиясы тереңдей түседі, басқа біреулер депрессияның алғашқы сатыларын бастан өткізеді. Бұған ең алдымен ықпал ететін нәрсе – Күннің жарығы. Күзде бұлтты, жаңбырлы, қараңғы кез көп болады. Біздің ағзамыз Күннің ритмімен жұмыс істейтін болғандықтан (Күн шыққанда оянып, батқан кезде ұйқыға кетеміз) оның жарығы көңіл күйімізге қатты әсер етеді. Күннің көзі біздегі окситоцин, серотонин сияқты нейромедиаторлардың көбірек бөлінуіне ықпал етеді, ал Күннің аз көрінуі керісінше мелотонинді көбейтеді, ол ұйқы кезінде бөлінетін нейромедиатор. Жарық аз болғандықтан жасанды жарық қолданамыз, сол себепті ұйқыға тартып тұрады.

Екінші әсер ететін нәрсе – температураның өзгеруі, біздің ішімізде градусник сияқты температураны қабылдайтын ішкі сезімдеріміз бар, оның өзгерісіне де ағзамыз реакция білдіреді. Күннің суытуы адамға бір қауіп төндіргендей болады, біз еркісіз жиырыламыз және ағзамыз бар энергияны мүмкіндігінше сақтауға тырысады. Осы кезде адам еш нәрсені жақтырмайтын болады, сырттан бір қысым көрсетілген болып тұрады. Сыртқы температура төмендегенде адам өзін жалғыз сезінеді, бұл ана құрсағындағы жүйке жүйеміз қалыптасып жатқан кезбен де тығыз байланысты. Салқыннан қашып жылы жерде отыруға ұмтыламыз, қимыл аз болғандықтан бойымыздағы энергия да төмендеуі мүмкін, жазбен салыстырғанда қимыл-қозғалысымызға да шектеу қойылғандай болып, іштен негатив сезініп, көңіл күйдің құбылуына ықпал етеді. Денеміз мұздап, өзімізді жайлы сезіне алмағандықтан көңіліміз түседі. Күзде табиғат өзінің жасыл жапырағынан айырылып, қызыл-жасылды киімін жалаңаштап, сұрқай түске еніп, ұйқыға, яғни «перезагрузкаға» кетеді, сол шақтты біз де бірдеңеден қалып бара жатқандай сезімде боламыз. Жаз бойы қайда барсақ бола беретіндей болатын еркіндігімізден айырылып, жалғыздық, үрей билейді. Сол кезде өзіміз қашып жүрген, жасырып жүрген сезімдерімізбен бетпе-бет қаламыз. Ол эмоцияларды өңдеп, өткізіп жібермейінше ешқайда кетпейді, жылдап жиналып тұра береді.

Осындай жағдайда не істей аламыз, бізге не көмектеседі?

Жылы киіну, аяқты жылы ұстау, мүмкіндік болса, аяқты жылы суға салып, жылы ваннаға түсу, яғни дененің жылы болуын қадағалау. Моншаға бару да жақсы көмектеседі.

Қолдан жарық жасауға тырысу. Жарық шамдарын және заманауи басқа да құралдар арқылы жарықты молайтып, жылы атмосфера жасаудың да көмегі болады.

Жақындарыңызбен тактильді байланыс, құшақтасу, жылы қарым-қатынастың да ықпалы зор.

Атыс-шабыс фильмдер, экономиканың құлдырау, табиғи апаттар туралы жаңалықтарды қарамау. Керісінше, позитивті көңіл күйге толы контент қараудың пайдасы зор.

Кітап оқудың да көмегі көп, ол да түрлі сезім тудырады, негізі осы кезеңде көтерілген эмоцияны жұтпаған абзал.

Жиі бас қосу, коммьюнити, спикин клаб, топтық терпаия, ұжымдық жұмыстар да жылы атмосфера сыйлайды, жалғыздықтан арылтады.

Медитация, басқа көңіл күйді қалыпқа түсіретін ритуалдар жасау. Күнделік жазу да эмоцияны басқаруға көмектеседі.

Ыстық тамақ, шай, сүт ішу арқылы ішкі температураны көтерудің де пайдасы бар.

Көңіл күйдің кардиограммасын сан құбылтатын күз мезгілі сіз үшін жайлы өтсін оқырман. Жоғарыда жазылған аман кеңесін пайдаланып, қоңыр күзд жарқын күз ету өз қолыңызда. Бұл ең сұлу күз болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күз #көңіл күй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі