Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер салмағы 160 келіге жеткен келіншектерге...

Дәрігерлер салмағы 160 келіге жеткен келіншектерге науқас ретінде қарауға мәжбүр

Медицина 19.04.2023, 16:22 1,429
Дәрігерлер салмағы 160 келіге жеткен келіншектерге науқас ретінде қарауға мәжбүр
Сурет: Plan-baby.ru

Артық салмақтан хирургиялық жолмен арылғысы келетіндердің дені – 20-50 жас аралығындағы әйелдер. 


Ақ халаттылар артық салмақтан өз бетінше арыла алмаған жандардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 


Ақтөбе медицина орталығының хирург дәрігері Жанәділ Әлмырзаұлының айтуынша, соңғы кезде семіздікке шалдыққандардың өмірін сақтап қалу үшін жасалатын операция көбейген.



«Бұл – емнің соңғы сатысы. Науқас алдымен бақылауға алынады. Жаттығулар мен диеталардың көмегі болмаған кезде емдік мақсатта операция жасалады. Қант диабеті мен семіздік бірге жүрген уақытта адам өмірін сақтап қалудың бір жолы болып саналады. Жылдан-жылға артық салмақтың алдын алуға қарсы оталар көбейіп барады. Өткен аптада артық салмағы бар адамға ота жасалды. Бүгін тағы сондай науқас ота үстеліне келеді. Науқасты емдеу мақсатында жасаймыз. Артық салмақ шамадан тыс тамақтану, қозғалыстың азаюынан болады», – дейді хирург Жанәділ Әлмырзаұлы. 



Айтуынша, ел тұрғындарының 3-4 пайызында семіздік бар. Соңғы үш жылда елімізде семіздікті емдеуге арналған қымбат операциялар тегін жасалып жүр. Салмағын хирургиялық жолмен реттеуге келетіндердің дені – 20-50 жас аралығындағы келіншектер. Олар 150-160 кг дейін салмақ қосып, қозғалуы қиындаған.



«Операция ақысыз. Науқас бірінші толық тексеруден өтеді. Диета ұстайды, физикалық жүктемелермен жаттығу жасайды. Нәтиже болмаған жағдайда, операция үстеліне аламыз. Психологиялық тұрғыдан дайындалады. Асқазанның үлкен иінін кесіп алып тастап, кіші иін ғана өңешке жалғанып тұрады. Бұл кезде асқазан трубка тәріздес болып қалады. Аз тамақтанғанның өзінде бірден тойғандай сезім болады. Осылайша салмағы азаяды. Адам өмірін сақтап қалу, емдеу әдісі ретінде жасалған шара. Адамда артық салмақ болғанда тізе буыны ауырады. Ота жасағаннан кейін салмағы азайып, тізе ауырсынуы да кетеді», – дейді хирург.



Ақтөбеде 160 келіге дейін артық салмақ қосып, операция жасалғандардың ең жасы – 27 жастағы әйел адам. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Артық салмақ #әйелдер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін 15:44

Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты

Бүгін 15:41

Актер Жомарт Зейнәбіл ел болашағы үшін дауыс берді

Бүгін 15:37

Алматылық белгілі суретші Алпысбай Қазғұлов Бакудегі Қазақстан елшілігінде референдумға қатысты

Бүгін 15:37

Күйші Шәміл Әбілтай өз таңдауын жасады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика