AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы он қиылыста "вафель" жолақтар пайда бол...

Алматыдағы он қиылыста "вафель" жолақтар пайда болды

Барлығы 17.10.2025, 16:39 937
Алматыдағы он қиылыста "вафель" жолақтар пайда болды
Алматы әкімдігі
Алматыда Қалалық көлік қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы Полиция департаментімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және кептелістерді азайту бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
 
Көлік жүргізушілерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 594-бабында көзделген талаптарды бұзуын болдырмау мақсатында қаланың он қарқынды қозғалысты қиылысында 1.28 санды жолақ – "реттелетін қиылыс аймағын белгілеу" (яғни, "вафель" жолақ) сызылды.
 
Жаңа жолақтар келесі көше қиылыстарында пайда болды:
• Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
• Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
• Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
• Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
• Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
• Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
• Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
• Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
• Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
• Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.
 
Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтап, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған.
 
Басты мақсат – жүргізушілер тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және әсіресе, қарбалас сағаттарда көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету.
 
Әкімшілік полиция басқармасымен және "Көркем Телеком" ЖШС-мен бірлесіп, аталған аумақтарға фото және бейнебақылау камераларын орнату бойынша пилоттық жобаны алды. Егер оң нәтиже көрсетсе, жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде де енгізіледі.
 
"Вафель" жолақтар мен заманауи бақылау жүйелерін қолдану – Алматыдағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Бүгін 15:52

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);