AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан су ресурстары саласындағы өзекті мәселел...

Қазақстан су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша 5 негізгі бастама ұсынды

Әлеумет 05.12.2024, 17:51 967 dulatbekova
Қазақстан су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша 5 негізгі бастама ұсынды
Сурет: Gov.kz

ҚР Президентінің Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменова еліміздің су саясаты және экологиялық ынтымақтастық бағытындағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Қазақстан БҰҰ-ның су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялауға ниетті. Бүгінде еліміз трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ Конвенциясының, сондай-ақ Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының қатысушысы болып табылады. Францияның даму агенттігімен бірлесіп әзірленген ауыл шаруашылығында суды пайдалану тиімділігін арттыру бағдарламасын іске асыру – осы бағыттағы тағы бір маңызды қадам болады.

Негізгі бастамалардың бірі – Қазақстанның экожүйені сақтауға бағытталған Freshwater Challenge жаһандық бағдарламасына қосылуы. Аталған бағдарлама аясындағы алғашқы жоба Науырзым қорығындағы Ақсуат көлдер жүйесін қалпына келтіруді көздейді.

Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда Солтүстік Арал мен Сырдария өзені атырабының инфрақұрылымын дамытуға және гидрологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр.

Бірегей Балқаш көлі де назарда. Еліміздегі ірі жеке компаниялардың бірі «Қазақмыс» Балқаштың экожүйесін, сондай-ақ іргелес сулы-батпақты жерлерді сақтауға және қорғауға 5 млн доллар көлемінде қаржы бөледі.

«Ел ішіндегі су айдындары да көңіл бөлуге лайық. Солардың бірі – теңдесіз Балқаш көлі. Оның суының жартысы тұзды, ал қалған бөлігі тұщы. Оңтүстік бөлігі Рамсар конвенциясының сулы-батпақты аймағына жатады. Қазақстанның жетекші жеке компанияларының бірі — «Қазақмыс» корпорациясы көлдің экожүйесін сақтауға бағытталған жобаларға 5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлетінін жариялағым келеді. Біз жеке сектор өкілдерінің климаттық сын-қатерлермен күресуге батыл шешім қабылдап, су экожүйесін сақтауда белсенділік танытқандарын мақтан етеміз», - деді Сүлейменова.

Айта кетейік, One Water Summit алаңдарында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Францияның даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) арасында үшжақты келісімге қол қойылды.

AFD және BRGM-мен келісім Балқаш көлі бассейніндегі су ресурстарын зерттеу мен тұрақты басқаруға бағытталған. Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерлерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды қарастырады.

Жоба мақсаттарының бірі – Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандыру үшін Қапшағай су қоймасының жұмыс кестесін оңтайландыру. Зерттеу нәтижесі бойынша өзендерді тазарту, топырақтың тозуы мен судың ластануын болдырмау, балық шаруашылығы мен экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ көлді қорғау үшін нормативтік-құқықтық база құру жөніндегі іс-шаралар қабылданады.

Бесінші бастама – Су мұнаралары серіктестігі жобасы ғылыми зерттеулерді, жас гляциологтарды қолдау және жергілікті мұздықтар туралы білімді жинақтау арқылы мұздықтар туралы білім берудегі олқылықтардың орнын толуға жаһандық күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті One Water Summit ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін Францияға, Сауд Арабиясына және Дүниежүзілік банк тобына алғыс білдірді.

One Water Summit 2024 су ресурстарын басқару және халықаралық деңгейде бірлескен шешімдерді әзірлеуге қатысты жаһандық сын-қатерлерді талқылауға арналған алаң болды. Қазақстандық бастамалардың тұсаукесері – еліміздің тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібіндегі белсенді қатысушы ретіндегі рөлін айқын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су ресурстары #өзекті мәселелер #5 бастама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);