AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алаяқтар атыңызға несие рәсімдесе не істеу керек?

Алаяқтар атыңызға несие рәсімдесе не істеу керек?

Керек кеңес 05.12.2024, 16:20 950
Алаяқтар атыңызға несие рәсімдесе не істеу керек?
Сурет: Stopfake.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дасыту агенттігі (ҚНРДА) алаяқтар сіздің атыңызға несие алса, не істеу керектірі туралы нұсқаулық әзірледі.

Онда өз құқығыңызды қорғап, салдарды болдырмау үшін қандай шаралар қабылдау керектігі жазылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Сіздің атыңызға кредит ресімделгенін білу үшін кредиттік тарихыңызды жиі тексеріп тұру қажет. Есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-дан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады. Кредиттік тарихыңызды тоқсан сайын кемінде бір рет тексеріп тұрған жөн», – деп хабарлайды ведомство.

Алаяқтар кредит ресімдеген жағдайда не істеу керек:

– қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын біліп, онда өтінішпен жүгініңіз;

– кредитордан міндетті түрде ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуді талап етіңіз;

– шарттың, оған қосымшалардың және жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақша аударылған шот деректемелерін талап етіңіз;

– кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылаңыз;

– құқық қорғау органдарына өтініш беріңіз.

«Құқық қорғау органдары өтінішіңізді тіркеуі керек. Сонымен қатар сізде қалатын өтініштің көшірмесінде құжаттың қабылданған күні көрсетілген тіркеу нөмірі болуы шарт», – дейді ҚНРДА өкілдері.

Кредиттік ұйым құжаттарды бермесе, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағыммен жүгіну керек.

«Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтар алғанын дәлелдей алмаса, орналасқан жері бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгіну қажет.  Егер сот сіздің пайдаңызға шешім шығарса, онда кредиттік ұйым сізден қарыз төлеуді талап етуді тоқтатады, берешекті есептен шығарады»,  – дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, қарыз берген ұйымға кредиттік бюроға сіздің несие тарихыңыздан басқа біреудің қарызы бойынша ақпаратты алып тастау туралы хат жіберу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #несие #Нұсқаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика