ffin.kz

Қазақстан жұмысшыларына шетелдіктерге қарағанда аз жалақы төлеудің 180 фактісі анықталды

Қазақстан жұмысшыларына шетелдіктерге қарағанда аз жалақы төлеудің 180 фактісі анықталды Сурет: Azattyq.org

Республикалық үшжақты комиссия отырысында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


19 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы болды. Отырыс шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу мәселесі қаралды.


Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі баяндады. Мұнай-газ саласындағы жағдайға ерекше назар аударылды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорында тартылатын жұмыс күші және жүзеге асырылатын тексеру туралы мәселе қаралды. Еңбекақы төлеудегі кемсітушілік бойынша – 180, шетелдіктердің рұқсатта көзделмеген жұмыстарды орындауы бойынша – 225 және кадрлардың арақатынасы сақталмау бойынша – 214 оқиға орын алған. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 228 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шетелдік жұмыс күшін тартуға 266 рұқсат кері қайтарып алынды, бұл отандық қызметкерлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етті. Қызметкерлердің жалақысы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәселе қаралды. Жылдың басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыскердің жалақы бойынша 3,1 млрд теңге берешегін өтеу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бүгінгі күні жыл басымен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге, яғни 33%-ға төмендегені байқалады.


Еңбек қатынастарының проблемалық мәселелері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында қаралады. Тек бірінші жартыжылдықта облыстық және аудандық комиссиялардың 1 мыңнан астам отырысы өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1,8 мың кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік танытып, 1,2 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы 5%-дан 50%-ға дейін арттырылды.


Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің кәсіпорындарында 567 адам жарақат алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,5 %-ға төмен (2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша – 687 адам). Нәтижесінде, Премьер-Министрдің орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді:


- Мемлекет басшысының отандық және шетелдік қызметкерлердің жалақысындағы сәйкессіздікті болдырмауға қатысты тапсырмасын іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген жұмыс берушілерге қатысты шаралар қабылдау;


- еңбек дауларының алдын алу және болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау;


- міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту жөніндегі жұмысты күшейту;


- жұмыс істейтін азаматтардың табысын арттыру бойынша жұмысты жандандыру.


Бұдан басқа, комиссия мүшелері кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің жалпы және арнайы кәсіптік құзыреттерін дамыту жөніндегі оқу бағдарламаларын мақұлдады және пайдалану үшін ұсынылды. Оқу бағдарламалары жауапты қызметкерлердің жалпы және арнайы кәсіби құзыретін дамыту үшін қажетті модульдер мен оқыту тақырыптарынан тұрады. Жалпы кәсіптік құзыреттерді дамыту жөніндегі оқу бағдарламасы Еңбекті қорғаудың нормативтік негіздерін, еңбекті қорғауды басқарудағы жалпы тәсілдерді, еңбекті қорғау саласындағы халықаралық нормаларды қамтиды, ал арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту жөніндегі оқу бағдарламасы Экономикалық қызмет түрінің ерекшелігін, еңбектің өндірістік жағдайларын ескере отырып, еңбекті қорғауды нормативтік реттеудің салалық ерекшелігін қамтиды.


Сондай-ақ, комиссия мүшелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы мен «Еңбек жолы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру шараларын талқылады. Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес «Парыз» конкурсына қатысуға 337 кәсіпорын өтінім берген, ал «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға 418 еңбек әулеті мен жұмыс істейтін азаматтар ниет білдірген. Е. Тоғжанов мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін көрсетіп, түрлі қызмет салаларындағы үздік қызметкерлердің еңбегін кеңінен тарататынын атап өтті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51