Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан аумағындағы ұрыстар: ұмыт қалған майдан...

Қазақстан аумағындағы ұрыстар: ұмыт қалған майдан шебі

Мәдениет 30.04.2025, 17:12 629
Қазақстан аумағындағы ұрыстар: ұмыт қалған майдан шебі
Сурет: Gov.kz

Қазақстан аумағында да ұрыстар болғанын көпшілік біле бермейді. Ең алғашқы ұрыстар елдің батыс өңірінде болған.

Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының тұрғындары соғыстың зардабын тартты (ол кезде — Орал облысы), деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Гитлер әскері 1942 жылдың 1 қыркүйегінде Орал қаласын басып алуды жоспарлаған. Осы сәттен бастап Қазақстан аумағын жаулап алу басталуы тиіс еді.

Жәнібек, Сайқын және Шонғай станцияларын жау авиациясы бомбалады. Бұл елдімекендерден небәрі 80 шақырым қашықтықта Сталинград үшін қиян-кескі шайқастар жүріп жатқан еді. Астрахань – Саратов темір жолымен Сталинград шайқасына қару-жарақ, жанармай, дәрі-дәрмек және әскери жабдық тиелген көліктер тасымалданды. Сонымен қатар, осы шекара маңындағы ауылдар Қазақстанның мұнай мен газға бай батыс аймағына (Гурьев облысының мұнай кен орындарына) баратын транзиттік нүкте болды.

Фашистердің бұл өңірге көз тігуінің тағы бір себебі – Батыс Қазақстанның оңтүстік аудандары арқылы Сталинград майданы мен Жоғарғы Бас қолбасшы ставкасы арасында байланыс желісі орнатылған. Немістер осы желіні жою үшін бар күшін салды.

Кейбір деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан аумағына 700-ден астам бомба тасталған. Бомбалаудан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны шамамен 300 адамға жеткен. Теміржол бойында кемінде 50 бауырластар зираты бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан аумағы #ұрыстар #майдан шебі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика