конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылар психологиялық қауіпсіздік мәселелерін ұғы...

Оқушылар психологиялық қауіпсіздік мәселелерін ұғына бастады

Білім және ғылым 30.04.2025, 17:26 1,065
Оқушылар психологиялық қауіпсіздік мәселелерін ұғына бастады
Сурет: Gov.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» Балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы бойынша аралық қорытындыларын ұсынды.
 
Диагностикалық сауалнамаға бағдарламаға қатысушы пилоттық мектептерден 20 мыңнан астам оқушы, ата-аналар мен педагогтер қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Респонденттердің айтуынша, олардың психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысу белсенділігі бағдарлама басталған уақытпен салыстырғанда бес есеге артқан.
 
Нәтижелер көрсеткендей, пилоттық мектептерде оң өзгерістердің тұрақты динамикасы байқалады: • мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жақсарған; • мектепте көмектесуге дайын ересектер бар екенін сезінетін балалар саны үш есе өскен; • оқушылар арасындағы қарым-қатынас мейірімділік пен достыққа құрылуда; • балалар арасында мазақтау үшін лақап есімдермен атау жағдайлары азайған; • педагогтер әкімшілік пен әріптестер тарапынан қысымға сирек ұшырайтын болған.
 
Айта кетейік, отандық «ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасы биыл 1 қыркүйектен бастап барлық мектептер мен колледждерге енгізіледі. Қазіргі таңда бағдарлама еліміздің тоғыз өңірінде 50 мектепте апробациядан өтуде.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #«ДосболLIKE» #психологиялық қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы 180-нен астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады

Бүгін 09:03

Бір тәулікте Алматыда 1 632 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:32

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды

Бүгін 00:47

Жарқын, ауқымды, креативті: Алматыда дауыс беру күні қалай өтті?

Кеше 22:38

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауы аяқталды

Кеше 22:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);