AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қатты шудан сақтаныңыз!

Қатты шудан сақтаныңыз!

Әлеумет 22.12.2021, 05:55 1,250 Әсел Дағжан
Қатты шудан сақтаныңыз!
tiempo.com

 Біле жүріңіз!


Үлкен мегаполистердегі шу дегенде алдымен үлкен жолайрықтар еске түседі. Күндіз-түні бір дамылдамай, көлік «шулап» жататын көшелердегі шулы дыбысқа бой да, ой да, құлақ та үйренгені сонша, әуелі оны елемейміз. Неге? Себебі, адамның миы шуға үйреніп алған. Бірақ осы шудың денсаулыққа кері әсері барын көбіміз біле бермейміз.


Ресейдегі И.И.Мечников атындағы Солтүстік-батыс мемлекеттік медициналық университетінің коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі Кирилл Фридман қалалық жердегі шу адамның денсаулығына сөзсіз кері әсерін тигізеді дейді.


Оның айтуынша, адам қаланың шуына үйренгенімен, денсаулығына қаншалықты зиянын тигізетінін сезбейді.



Шу – электрлі-магнитті және радиациялық сәулелермен қатар тұрған қоршаған ортаны ластаушы фактор. Білікті маманның сөзіне қарағанда, ұдайы шу тек құлаққа зиянын тигізіп қоймай, сонымен қатар, жүйке жүйесіне салмақ түсіреді, дәлірегі, невроз, психикалық ауытқу секілді ауруларға бастайтын көрінеді. Бұдан бөлек, жүрек-қан тамырларының ауруларына, гипертонияға ұрындырады, тіпті, миокард инфракті алу қатері де жоқ емес. Қалалық жердегі шудың  негізгі көзі – қала көліктері.



Қалалық жерде күндізгі шудың децибел деңгейі 20-дан аспауы керек. Нормасы осы. Алайда, норма сақтала бермейді. Бұған автокөліктердің көптігі ғана емес, көп қабатты тұрғын үйлердің бір-біріне жақын орналасуы да өз әсерін тигізетін көрінеді. Яғни олар дыбыстық ауытқуды «тасымалдайды».


Көліктердің көптігі мен одан шығатын шу дегенде бірден ойымызға «Саяхат» автовокзалының маңы мен көлік бір дамылдамайтын қала ішіндегі үлкен жолайрықтар мен даңғылдар, ірі көшелер ойға оралады. Арыға бармай-ақ, "Алтын орда" базарының маңын айтсақ та, жетіп жатыр. Ондағы кептелістің өзі адамның жүйкесіне салмақ түсіретінін есептесек, мегаполисте тұру да оңай емес. Онымен қоса, көшелерде жүріп жататын құрылыс жұмыстары мен енді тұрғызылып жатқан жаңа үйлердің құрылысы да айтарлықтай шу деңгейін жоғарылатады. Жүйкеңізді сақтағыңыз келсе, түнде тыныштықта ұйықтау өте маңызды екенін естеріңізге саламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мегаполис #көліктер #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);