Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пандемиядан кейін Қазақстанның еңбек нарығы қалпын...

Пандемиядан кейін Қазақстанның еңбек нарығы қалпына келе бастады

Әлеумет 03.09.2021, 04:33 477
Пандемиядан кейін Қазақстанның еңбек нарығы қалпына келе бастады
Сурет: Condominioweb.com

Республика бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ға тең. 


Қазақстанда жұмыспен қамтудың икемді түрлері қарқын алуда, азаматтар өз бизнестерін белсенді дамытып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,9%-ға өскен, ал жалдамалы қызметкерлер саны 0,6%-ға ұлғайған.



«Осындай жағдайды жұмыспен қамтылған халықтың серпінінен де байқауға болады, олардың саны бір жылда 101,3 мың адамға (+1,2%) 8 805 мың адамға дейін өсті. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылғандардың құрылымында жалдамалы еңбекке қарағанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың айтарлықтай өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға немесе 60,2 мың адамға артты, ал жалдамалы жұмыскерлердің саны 0,6%-ға немесе 41,1 мың адамға ұлғайды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.



Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамту құрылымын талдау ағымдағы жылдың 2-тоқсанында нәтижелі жұмыспен қамтудың есебінен оның ұлғайғанын және нәтижесіз жұмыспен қамтудың айтарлықтай қысқарғанын көрсетеді.


Өз кезегінде абсолюттік мәнде бір жыл ішінде өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны үштен біріне немесе 92,9 мың адамға төмендеп, 156 мың адамды құрады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижесіз жұмыспен қамту үлесі бір жылда 4,8 п.т. (12,2%-дан 7,4%-ға дейін) қысқарды. 



«Өзін-өзі жұмыспен қамтудың өсіп келе жатқан трендімен қатар жалдамалы қызметкерлердің құрылымдық құрамы да өзгеруде, онда жалдамалы еңбек сипаттамаларының корпоративтік жұмыспен қамтудан ауытқу жағына қарай өзгеру үрдісі байқалады. Бұл, әсіресе, жылдық динамикада байқалады. Мысалы, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұйымдардағы жалдамалы жұмыспен қамту (барлық жалдамалы еңбектің 87%-ы) 0,4% - ға (-23,4 мың адам) қысқарды, бұл ретте азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде жалдау айтарлықтай ұлғайды (+60,1%). Қазір келісімшарт бойынша 56,9 мың адам жұмыспен қамтылған.», – деп атап өтті ҚР Еңбекмині Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская. 



Өткен тоқсанмен салыстырғанда, қашықтықтан жұмыс істейтіндердің саны 75,2 мың адамға дейін 2%-ға артты. Алдыңғы кезең сияқты, қашықтықтан жұмыс жасайтын жұмыскерлердің көпшілігі әйелдер (65%) және қала тұрғындары (64%) болып табылады, алайда үлестік бөлініс өзгеру тенденциясын көрсетеді, онда ер адамдар 5%-ға, ал ауыл тұрғындары 6%-ға көп болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #Қазақстан #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі