Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң қалай жұмыс істейді?

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң қалай жұмыс істейді? Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа заң іс жүзінде қалай әрекет ететіні жайлы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов айтып берді. 

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа заңға қол қойды. Заң отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғауды күшейтуге және зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді тетіктерін құруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Заңның негізгі ережелері зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдау бөлігінде орталық атқарушы органдарға зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе қорқытуға ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік беру сияқты нормаларды қамтиды.

Сондай-ақ, заңмен білім беру мекемелеріне кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және болдырмау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен оқушылар мен тәрбиеленушілерге алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша өкілеттіктер беріледі.

«Біз жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарға әрекет ету және тергеу алгоритмін әзірледік. Бұл - ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, кәмелетке толмағандарды қудалау, суицидті насихаттау. Сот белгілеген мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды орындау тетігі пысықталуда. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша ведомствоаралық мобильді топтар құрылды, олардың шеңберінде біз, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтауға баса назар аударамыз. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандар мәселесіне әрекет ету алгоритмі пысықталды», - деді А. Елеусізов.

Жаңа заңдағы қылмыстық жауапкершілікті күшейту бөлігіндегі негізгі өзгерістерге мыналар жатады:
- кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасаған жағдайын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды;
- ұрып-соғуды және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді криминализациялау (ӘҚБтК құрамдарын көшіру-ҚК 108-1 және 109-1-баптары);
- кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта тиіскені үшін жаңа жауапкершілікті енгізу (ҚК 121-1-бабы);
- өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін жаңа жауапкершілікті енгізу (ҚК 313-1-бабы).
- жазаны күшейту:
- кісі өлтіру (кәмелетке толмағандарға қатысты: 20 жыл немесе өмір бойы болатын, енді өмір бойына бас бостандығынан айырылады),
- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (бұған дейін: үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырса, енді: бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген),
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (бас бостандығын шектеу түріндегі санкциялар алынып тасталды: тек үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру)
- денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (бас бостандығын шектеу түріндегі санкциялар алынып тасталды: тек үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру)
- азаптау (болды: екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру: үш жылға дейін бас бостандығынан айыру)
- зорлау (кәмелетке толмағандарға қатысты: бұған дейін он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырса, енді  он жетіден жиырмаға дейін деп өзгерді; кәмелетке толмағандарға қатысты: 20 жылға немесе өмір бойына жазаға кесіосе, енді тек  өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді),
- кәмелетке толмағандарды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру ("көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты жасалды" (біліктілік белгісімен толықтырылды),
- кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау және қатыгездік жасау бойынша (бұған дейін он тәулікке әкімшілік қамауға алынса, енді бұл жаза  жиырма тәулікке дейін ұзартылды). 

Негізгі өзгерістердің бірі-суицидті насихаттағаны үшін жазаны қатаңдату. Яғни, өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдау мақсатында ақпаратты қасақана таратқаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары түрінде жаза қарастырылған.

Заңда физикалық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ оның бір түрін азаптау, егер бұл әрекет ауыр немесе орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтірмесе және экономикалық зорлық-зомбылықтың салдары болса, жәбірленушіні азаптау мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорқытумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері физикалық жән  психикалық азап шектіру болып табылады.

"Жалпы, біздің қоғамда үйдегі ұрыс-керіс пен жанжалды сыртқа шығару әдеті жоқ, алайда біз қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы зорлық-зомбылық фактілері туралы полицияға дереу хабарлау қажеттігі туралы мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өз кезегінде полиция өткен жылдан бастап өтініш берушіден анықтау форматына көшті. Бұл дегеніміз, қоғамда отбасындағы зорлық - зомбылыққа төзбеушілік және оны жасағаны үшін жазаның бұлтартпаушылық процесі қалыптасуда», - деді ӨКҚ спикері.

Құқық қорғау органының өкілі заң бойынша кез келген дене жарақатын, дене зақымын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта жәбірленушіден өтініш қажет емес екенін еске салды, бұл факт бойынша әкімшілік іс қозғалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:21

12:47

12:43

11:36

11:25

10:36

09:50

09:43

09:01

08:49

08:01

20:25

19:51

19:02

18:49

18:42

18:02

17:38

17:29

16:40

16:24

16:18

15:52

15:31

15:25