Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық өндіріс ішкі сұранысты қамтуға қауқарсыз –...

Отандық өндіріс ішкі сұранысты қамтуға қауқарсыз – Ұлттық Банк

Әлеумет 08.08.2022, 12:40 1,369
Отандық өндіріс ішкі сұранысты қамтуға қауқарсыз – Ұлттық Банк
Сурет: Ашық дереккөзі

Үкімет 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортына қол жеткізуді көздейді


Отандық өндірістің қазіргі деңгейі ішкі сұранысты қамтуға қауқарсыз. Осының өзі импортқа тәуелді етеді. Тауарды сырттан импорттай отырып, біз Қазақстанға әлемдік инфляцияның енуіне есік ашамыз. Оның үстіне, шетелдік тауарларға ақы төлеу кезінде шетелдік валютаға сұраныс туындайды, осылайша айырбас бағамы қысым көреді, дейді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов.


Қазақстандық экспорттың 60%-ы мұнайға тиесілі екенін ескерсек, ағымдағы шоттың траекториясы қара алтынның әлемдік бағасының траекториясымен белгіленеді. Энергия жеткізушлерінің бағасы төмен болған кезде төлем балансының ағымдағы шоты тапшылық аймағында қалды, ал баға көтерілген уақытта профицит байқалды.


Мұндай заңдылық осы жылдың бірінші жартыжылдығында да байқалып отыр: мұнайдың жоғары бағасы ағымдағы шоттың 6,6 млрд АҚШ долларына профицитін қамтамасыз етті. Алайда, бұл тұрақты үрдіс емес, өйткені ол тек шикізат бағасының өсуімен ғана қамтамасыз етіледі.



«Экономиканы әртараптандыру – бір күндік жұмыс емес. Ол үнемі жүргізіліп отырады. Үкімет 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортына қол жеткізуді көздейді. Осы мақсаттың өзі қазірден бастап бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді талап етеді. Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр. 2020 жылы мұнай нарығындағы баға кереғарлығымен, одан кейін іле-шала орын алған жаһандық коронавирус пандемиясымен байланысты сыртқы тәуекелдердің іс жүзінде бой көрсетуі инфляцияның нысаналы дәліз шегінен шығып кетуіне жол берді», - дейді Ғалымжан Пірматов.



2021 жылдың орта шенінен бастап әлемде, сол сияқты Қазақстанда да жеткізу тізбегінің бұзылуынан тауар-шикізат нарығында сұраныстың жедел қалпына келуі мен туындаған жаһандық теңгерімсіздіктің салдарынан инфляция қарқын ала бастады. Биыл инфляция геосаяси ахуалдың шиеленіскен тұста жаңа айналымға енді.


Дегенмен, Ұлттық Банктің жедел қабылдаған шаралары макроэкономикалық тұрақтылық пен теңге активтерін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осы жылдың ақпан-наурыз айларында қабылданған шешімдер ұлттық валютаны қолдауға және қазақстандықтардың жинақ қорын қорғауға себепші болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #импорт #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика