Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық ғалымның өнертабыстары БҰҰ-ның үш бірдей с...

Отандық ғалымның өнертабыстары БҰҰ-ның үш бірдей сыйлығына ұсынылып отыр

Білім және ғылым 14.11.2022, 10:47 1,668
Отандық ғалымның өнертабыстары БҰҰ-ның үш бірдей сыйлығына ұсынылып отыр
Сурет: Jjtv.kz

«Sezual» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Ғалымжан Ғабдрешевтің бүгінге дейін ойлап тапқан әзірлемелерінің дені зағип жандарды қоғам тірлігінен шет қалдырмай өмірлерін жеңілдетуге бағытталған.


Брайль қарпін үйретуге арналған жатығу құрылғысы мен биолокациялық дыбыстық аппарат осыны көздейді. Бес жыл бұрын ер адам көзін ауыр жарақаттап алған. Көру қабілеті қайтқанымен дәрігерлер кез-келген уақытта ер адам соқыр болып қалуы мүмкін екенін ескертті. Сол кезде өнертапқыш көмекші құрылғыларды әзірлеумен айналысуға бел буады. Ондағы алғашқы тың ойларының бірі - биолокатор, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның көмегімен көру қабілетінен мүлдем айырылған адамдар айналаны танып, саяхаттай алады, тіпті велосипед тебуге үйренеді.



«Адамның миы түрлі дыбыстардың көмегімен түнгі жануарлар сияқты айналаны танып, көре алады. Яғни біз жарық толқындарының көмегімен визуалды бейнелерді қалыптастырамыз. Жай ғана дыбыстық жарық беретін қондырғы құрған жоқпыз. Сонымен қатар мидың көру қыртысын жаттықтыруға арналған технологияны әзірледік. Осылайша, нақты бейнелерді елестете аламыз. Дәл осы ой бізді еш жерде баламасы жоқ өнертабысты жүзеге асыруға негіз болды», - дейді қазақстандық ғалым, ғылым кандидаты Ғалымжан Ғабдрешев.



Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы және мүгедектігі бар адамдарға арналған инновациялар саласындағы еуропалық ғалымдар кеңесі шығарған қорытындыға сай қазақстандық биолокатор зағип жандардың көру қабілетін толықтай алмастыруға мүмкіндік беретін алғашқы өнертабыс деп танылды. Қазіргі таңда құрылғы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру кезеңнен коммерцияландыруға көшуде. Қазақстандық жобаға Американың ғалымдары үлкен қызығушылық танытып отыр. Ғалымжан Ғабдрешевтің енді бір бірегей өнертабысы «фиш локамоушн» деп аталатын моноескекаяқ. Ол суда жүзу арқылы ішінде толқын тәрізді қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Ғалым бұндай әдіс остеохондроз, сколиоз, омыртқааралық дискілердің шығып кетуі сынды аурулардан арылуға және жалпы денсаулықты жасартуға септігін тигізетінін айтады. Әзірге, Ғалымжан барлық зерттеулерді өзі сынап жүр.



«Біз жұмысымызды тірек-қимыл жүйесі мен буындардың қозғалысына қатысты барлық қажетті ақпаратты жинаудан бастадық. Кейін жүргізген барлық зертеу нәтижелері оң динамиканы көрсетті. Біз биохимиялық сараптамалар жүргізу арқылы ағзадағы қан құрамының жақсарғанын байқадық. Тіпті салмақтың төмендеуіне әсері мол болды. Хирургиялық жолмен емдеуге болмайтын 20-дан астам омыртқа, жұлын ауруларына шипасы тиді», - дейді оңалту орталығының бас дәрігері Асқар Баймағамбетов.



Отандық ғалым өз алдына мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұтас экожүйе құру міндетін қойып отыр. Оның қолымен жасалған бірегей өнертабыстарды әлем мойындады. Шетелдік компаниялардан жобаның құқықтарын сатып алуға қатысты талай ұсыныс түскен. Әліде бұған ниеттілер аз емес дейді ол. Ғалымжан авторлықты иемденуді көздейтін бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартып, бастамаларын еліміздің атынан насихаттап жүр. Ендігі мақсаты мемлекеттің қолдауымен инвестиция тауып жобаларын өндірістік жолға қою.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отандық ғалым #Өнертабыс #ұсыну
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика