Жозеп Боррелл Қазақстанға ресми сапармен келеді

Жозеп Боррелл Қазақстанға ресми сапармен келеді Сурет: Тrm.md

Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.


Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррелл 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның Вице-президенті Жозеп Боррелл 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Жозеп Борреллдің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған», - деді брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.



Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан - Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23

13:21

12:23

12:07