ffin.kz

Орта Азия – АҚШ саммиті:  5+1: Вашингтонның аймақтағы қадамы жиілейді

Орта Азия – АҚШ саммиті:  5+1: Вашингтонның аймақтағы қадамы жиілейді almaty-akshamy.kz

Бұдан бір ай бұрын Вашингтон тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті жиыны қарсаңында АҚШ және Орта Азия елдерінің саммитін өткізуді ұсынған. Аталған форматта АҚШ пен аймақ елдерінің жоғары жетекшілері бұған дейін де бірнеше мәрте бас қосқан. Алайда, бұл реткісі президенттер қатысқан жоғары деңгейдегі саммит ретінде мәні мен маңызы айрықша. Орта Азия елдері басшыларына Ақ үйдің шақырулары келіп түсіп жатқан тұста басылымымыз тарапынан тақырыпқа қатысты шағын сараптама да жариялаған едік. Саммит қарсаңында АҚШ пен Орта Азия қарым-қатынасына кеңірек тоқталуды жөн көрдік.




КЕЗДЕСУДІҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ


19 қыркүйекке жоспарланған саммиттің негізгі тақырыбы АҚШ пен аймақ елдерінің ынтымақтас­тығы болатыны бұған дейін де ай­тылған. Бір күн бұрын Ақ үйдің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан баспасөз жиы­нында саммит туралы кеңірек тоқ­талды. Салливан сөзінде: «Саммит­те ел басшылары бірқатар мәселелерді талқылайды деп жос­парланған. Айталық, аймақтағы қауіпсіздік мәселесінен тартып, сауда байланыстары, климат өз­герісі, сондай-ақ, заң үстемдігін бекемдеу сынды негізгі тақырыпта­ры бар», – деген.


Салливанның мәлімдегеніндей, АҚШ президенті Жо Байден мен Орта Азиядағы бес елдің жетекші­лері жиын соңында ортақ келісімге қол қоюы да мүмкін. Егер АҚШ-тың Орта Азияға назар аударында­ғы ең негізгі себептерге жүгінсек, саммит барысында Ресейдің аймақ елдерін пайдаланып санкциядан жалтару мүмкіндігі, соған қатысты шаралар, сондай-ақ, Қытайдың ай­мақ елдерімен жасасқан экономи­калық келісімдері де сөз болуы мүмкін. Аймақ қауіпсіздігі тақыры­бының аясында технологиялық, кибер-қауіпсіздік мәселерінің де сөз етілуі мүмкін.



АҚ ҮЙ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ?


Қазақстанды қамтыған аймақ­тың қазіргі әлемдік жағдайда геостратегиялық маңызының арта түскенін айтып келеміз. Бұл шын мәнісінде, аймақтың қайталанбас географиялық орналасуынан келіп шыққан. Бүгінгідей ірі держава­лар арасындағы халықаралық жаңа тәртіпке деген ұмтылыс кезінде Орта Азия сынды Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия, Ислам әлемі және Еуропа арасындағы көпір әрі буферлік аймақ екені барынша айқын көрінеді. Әрі бұл аймақта Америка Құрама Штатта­рының ең негізгі стратегиялық бәсекелестері белсенділікке ие. Айталық, Ресей аймақта дәстүрлі ықпал етуші күш ретінде бағалан­са, Қытайдың экономикалық, со­ған ілесе саяси ықпалы да өсіп келе жатқаны белгілі. Вашингтон осы бір маңызды геосаяси аймақ­та өзінің позициясын алға жыл­жыту арқылы алдынғы екі бәсеке­лесіне жауап беруді маңызды деп санайды. Себебі, ірі державалар арасындағы бәсекелестік қарым- қатынастар көбінше олардың ық­пал ету аймақтарындағы жүріс­терімен бағаланады.


АҚШ пен Орта Азия елдерінің 5+1 форматындағы саммиті көп тараптың назарын аударды. Соның ішінде әлемдегі ықпалды ақпарат құралдары да бұл кездесудің мән- маңызы турасында өз пікірлерін жазып жатыр. Саммиттің алдында The Wall Street Journal басылымы тақырыпқа қатысты көлемді мате­риал жария етіп, «АҚШ Орта Азия­дағы стратегиясын дамытуы керек» деген уәжін келтірді. Басылымның халықаралық саясат пен экономи­кадағы ықпал-беделін ескергенде, бұл уәждің айтылуы бекер емес. Аталған іскерлік басылым Вашинг­тонның тамырын тап басып тауып отыр. Бұларды жинақтай келе, Құ­рама Штаттар аймақтағы өз әріп­тестеріне қарсы қадамдарын алға жылжытып, Орта Азияға деген на­зарын арттыра түседі деп болжай аламыз.



АЙМАҚҚА ЫҚПАЛ ЖАСАУ БАҒДАРЫ


Аймақ елдерінің сыртқы саяса­ты негізінен бір ортақ бағытын тапқан. Көбінше сыртқы күштер арасындағы теңгерімді сақтау ар­қылы аймақтық ортақ мүддені қор­ғауға тырысады. АҚШ-тың аймаққа назар аударуы бұрынғыдан күшей­ген тұста, қалайда Орта Азиядағы ірі ойыншылар ортасындағы бәсеке қыза түсетіні анық. Бұл Қазақстан, Өзбектан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстанды қамтыған геосаяси кеңістікке жаңа сын қатер­лермен келеді. Ең алдымен, осы елдер үшін сыртқы күштер тең­герімін сақтаудағы қиыншылықтар алға шығады. Өзіне іргелес жатқан ірі державалардың мүддесі мен жаһандық ірі ойыншы ортасындағы мүдделерді теңестіру бұрынғыдан қиындай түседі.


Бұл, әрине, белгілі деңгейде аймақ елдерінің ішкі интеграция­сына да оң әсер беретінін көреміз. Себебі, сыртқы ойыншардың ба­сым көпшілігі Орта Азиядағы бес елді жеке-жеке қарастырудан көрі бір ортақ геосаяси алаң ретінде қарастыруы осы елдердің ортақ мақсатқа жұмылуына жағдай жа­сайды. Аймақ елдерінің жетекші­лері Нью-Йорк сапарынан бұрын Душанбеде бас қосқаны белгілі. Онда тікелей алдағы саммит сөз болмағанымен, бірқатар мәселеде бойынша тиімді пікір алмасу ора­йына ие болды. Аймақтағы және аймақтан сыртқары кезектескен мұндай үрдістер ішкі интеграция­ны жеделдетуге ықпал етіп жатыр.


Ал сыртқы ірі ойыншылар Қа­зақстанды аймақтағы көшбасшы ел ретінде көретіні анық. АҚШ болса өзінің Ауғанстандағы іс-қимылда­рына орай Өзбекстанға айрықша мән беріп отыратынын да білеміз. Бірақ қазіргі болып жатқан үрдіс аймақтың көшбасшылығын анық­тауда емес, мәселе сыртқы жағдай­ларға байланысты ортақ ұстаным­ды қалыптастырудың маңызында. Бұл жағында аймақта Астана мен Ташкенттің пікір бірлігі шешуші рөл атқарады.


«Аlmaty-akshamy»,  №111  19 қыркүйек, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32