Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ойын баласының амандығына ата-ана жауапты

Ойын баласының амандығына ата-ана жауапты

Әлеумет 09.07.2025, 09:02 655
Ойын баласының амандығына ата-ана жауапты
Сурет: ашық дереккөз

Жаз айы балалардың емін-еркін асыр салып ойнайтын мезгілі. Өкінішке қарай осындай сәттерде оқыс жағдайларға ұшырап қалатын балдырғандар да аз емес. Мәселен, күйіп қалуы, жарақаттануы, биіктен құлап немесе суға батып кетуі де мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте ата-ана қырағы болуы керек. Балалардың аман болуы үшін қандай ережелерді қатаң ұстау керек? Бұл жөнінде №21 емхананың «Даму және ерте араласу орталығы» бөлімшесінің аға медбикесі А.Айдарова толығырақ айтып береді. 

БИІКТЕН ҚҰЛАП КЕТПЕСІН
Баланы терезесі ашық бөлмеде бір секундқа да қараусыз қалдырмау керек. Ата-ана терезеге орнатылған москит торы да ешқашан қорғаныш болмайтынын білу керек. Сондай-ақ, бірде-бір үй жиһазы терезеге жақын болмағаны абзал. Мәселен, бала кереует не үстелге шығып терезені ашып алуы мүмкін. Кішкентай баланың терезенің қалай ашылатынын білмегені жөн. Терезенің кілттенгені жақсы. 

КҮЙІП ҚАЛМАСЫН
Балаларды асүйде жалғыз қалдырмаңыз. Тамақ істеп тұрып баланы қолыңызда ұстамаңыз. Нәресте ойнап отырған жерде ыстық сұйықтықтар мен тағамдар тұрмасын. Дастарханның шетінен тартып қалып, үстіне ыстық тамақ төгіліп кетпеуін қадағалау керек. 
Баланы шомылдырар алдында ваннадағы судың температурасын алақанмен емес, шынтақпен тексеріңіз. Электр розеткаларын жабатын қондырғы орнатыңыз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, сіріңкелер, тез тұтанатын сұйықтықтар (қазанды, бітеліп қалған раковинаны  тазартуға, майды кетіруге арналған және т .б.) балалардың қолы жетпейтін, құлыптанатын жерде болуы керек. Баланы көлікте жалғыз қалдырмаңыз.

СУДАН САҚТАНЫҢЫЗ
Жуынатын бөлмеде кішкентай баланы қараусыз қалдырмаңыз, тіпті бір минутқа да болмайды. Ерте жастан жүзуге үйретіңіз. Ашық суда балаға сәйкес күртешелер кигізген дұрыс. Ұңғымаларды, цистерналарды, су бөшкелерін міндетті түрде және мықтап жабыңыз 

ЖОЛДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Тротуарда жүргенде баланың оң жағында жүріңіз.  Ересек адам жол жақта болуы керек. Баланы қолынан ұстап жүру қажет. Жолдан өтетін кезде тоқтап, жолды тексеріп алыңыз. Балаға жолды екі жағынан тексеріп, бағдаршамның түсіне, қозғалатын машиналарға назар аудару керек екенін түсіндіріңіз.
Ең қауіпті көлік – тұрған көлік. Бала оны қауіпсіз деп ойлап, артқы жағынан өте бергенде басқа көліктің астына түсіп қалуы мүмкін.  Баламен жолға шықпас бұрын, алдын-ала көшені, тұрған көлікті тексермей, алға жүрмеңіз.
Әрқашан баладан бұрын көліктен бірінші болып шығыңыз, әйтпесе бала құлап қалуы немесе жолға шығып кетуі мүмкін. Балаға тротуардың шетінде тұрмай, аялдама аймағында абай болуға үйретіңіз. Егер ол шағылысатын жолақтары немесе арнайы шағылыстырғыштары бар неон түсті киім киген болса, баланы сыртта көру оңайырақ болады.
Мотоцикл мен велосипедпен жүргенде, балалар міндетті түрде қауіпсіздік дулығасын және басқа қорғаныс құралдарын қолдануы керек.
Баланы көлікте тек артқы орындықта және арнайы орындықта тасымалдауға болады. Статистикаға сүйенсек, баланы автокреслода тасымалдау өлімге әкелетін жарақат алу мүмкіндігін 75%-ға төмендетеді.

Ата-ана! Есіңізде болсын, сіз бала үшін үлгі және беделді адамсыз, сондықтан оған күнделікті тұрмыста және сыртта жүргенде қауіпсіздік тәртібінің қарапайым ережелерін үйретіп жүруден жалықпаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ойын баласы #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 10:07

Дауыл, тұман: бірнеше өңірде ескерту жасалды

Бүгін 09:26

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

Кеше 16:26

Алматының нәзік жандылары қала тұрғындарын референдумға шақырды

Кеше 14:38

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Кеше 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі