AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Бас редакторлар мен ҚХА журналистер клубы...

Алматыда Бас редакторлар мен ҚХА журналистер клубы Этносаралық келісім және БАҚ этикасы жайын талқылады

Мәдениет 15.10.2025, 12:14 386 yakiya
Алматыда Бас редакторлар мен ҚХА журналистер клубы Этносаралық келісім және БАҚ этикасы жайын талқылады
ФБ

Алматыда өткен жиында Бас редакторлар мен ҚХА журналистер клубы бірлесе  БАҚ-та этносаралық және діни мәселелерді жариялау жөнінде Этикалық кодекс қабылдау, арнайы медиа кеңесін құру, “толеранттылық және медиаэтика” пәнін журналистика мамандықтарына енгізуді талқылады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Бұл туралы журналист, депутат Бибігүл Жексенбай ФБ парақшасында жазды.

Бас редакторлар клубы мен ҚХА журналистер клубы арасында әріптесім Алишер Сатвалдиевпен Меморандумға қол қойдық. 

Мақсат — этносаралық қатынастарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәдениетін қалвптастыруда бірлесе жұмыс жүргізу.

Көпэтносты Қазақстан үшін БАҚ-тың рөлі айрықша. Әрбір сөз, әрбір жарияланым қоғамдағы сенім мен татулыққа әсер етеді.
Сондықтан журналистің кәсіби этикасы — бұл тек мамандық талабы емес, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық келісімнің кепілі.

Көптеген елдерде этносаралық тақырыптарды жариялауда нақты этикалық нормалар бар. 

  • Мысалы, Ұлыбританияда Ofcom өшпенділік тіліне жол бермейді;
  • Канадада журналист осы бағыттағы “нәзік” тақырыптарды этностық топтармен кеңесіп барып жазады;

Еуропа Кеңесінің хартиясында: «Журналист қоғамды бөлуге емес, түсіністікке қызмет етуі тиіс», — делінген. Бұл — жауапты журналистиканың ортақ қағидаты.

Біздің елде 130-дан астам этнос өмір сүреді, сондықтан сөз мәдениеті – келісім мәдениетімен тікелей байланысты. 

Алматыда өткен жиында Бас редакторлар мен ҚХА журналистер клубы бірлесе  БАҚ-та этносаралық және діни мәселелерді жариялау жөнінде Этикалық кодекс қабылдау, арнайы медиа кеңесін құру, “толеранттылық және медиаэтика” пәнін журналистика мамандықтарына енгізуді қарастыруды талқыладық. 

Бұл шаралар сөз бостандығын шектеу емес — сенім мен кәсібилікті арттыру тетігі.

Халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Ақпараттық дәуірде бұл қағида бұрынғыдан да өзекті. 

Біздің міндетіміз — сөз арқылы келісімді, түсіністікті және өзара құрметті нығайту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бас редакторлар #қха
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика