AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Өз үйімде өнер көрсетуге асығамын!" Димаш Құдайбе...

"Өз үйімде өнер көрсетуге асығамын!" Димаш Құдайберген қазақстандық теннисшілерге қолдау білдірді

Барлығы 15.10.2025, 10:47 531 Сұлу
"Өз үйімде өнер көрсетуге асығамын!" Димаш Құдайберген қазақстандық теннисшілерге қолдау білдірді
Самат Құсайынов

11-19 қазан аралығында Almaty Arena-да Almaty Open ATP 250 теннис турнирі өтіп жатыр. Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген спортшыларға қолдау білдіріп, кеше аренада өнер көрсетті. Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Небәрі екі күн бұрын АҚШ пен Мексикадағы ауқымды гастрольдерін аяқтап, өткен түнде ғана үйіне оралған әнші өз жерінде өнер көрсетуге асыққанын айтты. 

"Қайда болсам да, өз үйімде өнер көрсетуге асығамын! Бұл - мен үшін мәртебе!" - деді ол. 

Ол алаңға шыққан сәтте трибуналардан шапалақтың даусы тыйылмады. Әнші кейінгі шыққан 4 әнін орындап, тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленді. 

Одан кейін жүргізушелір Димашқа ойын туралы бірнеше сұрақ қойды. Өнер иесі тенниске аса қызықпаса да, әрбір қазақстандық спортшыны шын көңілмен қолдайтынын жасырмады. 

"Теннистің үлкен жанкүйері емеспін, турнирлерді мұқият қадағаламаймын деп айтайын. Бірақ әрбір қазақстандық спортшыға жанкүйермін. Мүмкіндік туа қалса, ракетканы қолыма алып, ойнағанды ұнатамын. Әрине, Қазақстан туы астында барлық спорт түрінде өнер көрсететін жігіттеріміз бен қыздарымызға әрқашан сәттілік тілеймін!" - деді ол. 

Димаш өнер көрсетіп болған соң, кортқа қазақстандық теннисші, әлемнің 91-ракеткасы Александр Шевченко мен әлемнің 79-ракеткасы, сербиялық Ласло Джере шықты. 

Димаш Құдайберген Қазақстан теннис федерациясының президенті әрі кәсіпкер Болат Өтемұратовпен бірге ойын тамашалады. 

Тартысты өткен екі партия да Шевченконың пайдасына шешілді, есеп 7:6 (7; 1), 7:6 (14:12) болды. Екі сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Александр Шевченко 10 эйспен бірге 3 брейктің біреуін пайдаланып, жеңіске жетті. 

Енді спортшы ширек финалға шығу үшін әлемнің 41-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен кездеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #теннис #турнир #спорт #Болат Өтемұратов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика