Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әлем назарында: қалада инклюзив білім беруд...

Алматы әлем назарында: қалада инклюзив білім берудің WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр

Барлығы 15.10.2025, 14:28 466
Алматы әлем назарында: қалада инклюзив білім берудің WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзив білім беру жөніндегі бірінші Дүниежүзілік конгресс - World Inclusion Congress (WIC 2025) басталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) бірігіп ұйымдастырды.
 
Конгресс аясында әлемнің 40 елінен келген 1200-ден астам қатысушы, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және ғылыми ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар бас қосты.
 
Қатысушылар арасында Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия елдерінің делегаттары бар. 100-ден астам шетелдік және отандық сарапшы пленарлық және панельдік сессияларда баяндама жасайды.
 
Конгрестің құрметті қонақтары қатарында IFIP ұйымының негізін қалаушы, инклюзивті білім беру саласындағы сарапшы Даниэль Собель, Ноттингем университетінің проректоры, инклюзивті білім бойынша жетекші ғалым Умеш Шарма, сондай-ақ әйгілі Fuji Kindergarten балабақшасының авторы, жапон сәулетшісі Такакура Тезука бар.
 
Конгрестің негізгі тақырыбы білім берудегі инновация, цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу. Әсіресе, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған технологиялық шешімдерге, оқытудың сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы серіктестікті дамытуға баса мән берілді. 
 
Конгресс аясында Innovation Expo атты инновациялар көрмесі ашылды. Көрмеде цифрлық технология, білім беру және қолжетімді ортаға арналған шешімдер ұсынылған. Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Польша және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен 17 компания қатысып жатыр. Көрме үш күн бойы Grand Hall қонақүйінде және ашық павильондарда өтеді.
 
Конгрестің алғашқы күні «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел және балалардың психикалық әл-ауқаты, ерекше білім беру қажеттілігін бағалау сынды 15 тақырып бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
 
16-17 қазан күндері де конгресс жалғасады. Осы күндері инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми ұйымдар мен серіктестер арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.
 
Алматы декларациясының жобасын талқылауға баса назар аударылады. Оның қабылдануы инклюзия саласында цифрлық технология мен жасанды интеллектті қолдануда бірыңғай халықаралық тәсілдерді қалыптастыру мен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ.
 
Конгресс 17 қазанда салтанатты түрде жабылады. WIC 2025 инклюзия мәдениетін дамытуға, білімге тең қолжетімділікті ілгерілетуге, жаңа технология мен үздік халықаралық тәжірибе енгізуге және халықаралық серіктестікті нығайтуға серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #конгресс #инклюзив білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі