конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің бас...

Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің басшысын қабылдады

Ресми бөлім 15.10.2025, 12:30 465 yakiya
Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің басшысын қабылдады
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау мәселесіндегі агенттіктің берік ұстанымына жоғары баға берді. Бұл спортшыларға ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін де өте өзекті. 

Бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз мекеме. Зертхана базасында Өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет етеді. Оның құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан секілді елдер кіреді. 

WADA президенті Қазақстанның агенттік бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің спорт құрылымдарымен ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банька ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыру, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің жауапты әрі сенімді серіктесі ретіндегі Қазақстанның мәртебесін одан әрі нығайту ниетін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Витольд Банька
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Бүгін 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);