Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Иммунитетті қандай жеміс-жидектер көтереді?

Иммунитетті қандай жеміс-жидектер көтереді?

Керек кеңес 15.10.2025, 11:08 588
Иммунитетті қандай жеміс-жидектер көтереді?
интернеттен

Гиппократтың өзі : «Басты дәрі – тамағың болсын» деген. Қазіргідей экологияның сапасы сын көтермейтін уақытта және күз келіп, күн суытқан шақта ағзаның қорғаныш қабілетін дәрі-дәрмекпен емес, азық-түлік арқылы нығайтқан жөн.

Таблеткадан гөрі табиғи өнімнің пайдасы зор екенін айтқан дәрігерлер иммундық жүйеге пайдалы мына тізімді ұсынады:

 

1. Aлма

2. Лимон

3. Киви

4. Құрма

5. Теңіз шырғаны

6. Итмұрын

7. Мүкжидек

Табиғаттың барлық сыйы денсаулыққа пайдалы. Бірақ кейбір жеміс-жидектер иммунитет үшін нағыз пайдалы суперфуд қатарында.

1. Aлма

Британдықтардың: «күніне бір алма жеген адамға дәрігердің керегі жоқ» дегенге саятын мақалы бар. Бұл жемісте иммундық жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті: өсімдік «антибиотиктері» фитонцидтер, С витамині, В дәрумендері, сондай-ақ марганец, темір, мыс секілді пайдалы заттар кездеседі.

2. Лимон

Лимонның иммунитетке пайдалы екенін бәрі білетін шығар. Екі ғасыр бұрын Британ Корольдігі Әскери-теңіз күштерін жаңа лимондармен үнемі қамтамасыз етуге бұйрық берген екен.

Бір қызығы, лимонның арқасында аскорбин қышқылының сенімді серігі және көмекшісі Р дәрумені (рутин) ашылды. Бұл екі зат бір-бірінің пайдалы қасиеттерін екі есе арттырады.

3. Киви

Кивидің отыздан астам түрі бар. Чико сортының жасыл кивиі С витаминіне  бай. Кивидің көптеген пайдалы қасиеті бар, ең бастысы - суық мезгілде бірқатар ауруларға қарсы иммунитетті күшейтетін С витамині. Айтпақшы, кивиде цитрус жемістеріне қарағанда екі есе көп аскорбин қышқылы бар. Екі түйір киви жемісі ағзаның күнделікті қажеттілігін қанағаттандырады.

Кивидің құрамында Е дәрумені бар. Токоферол ең күшті антиоксиданттардың бірі болып саналады. Бос радикалдарды тежеу арқылы жасушаның қартаюын баяулатады, шаршауды азайтады және өкпені ластанған ауадан қорғайды. Кивиді балаларға бергенде өте сақ болу керек - қышқыл жемістер жұтқыншақ пен көмейдің шырышты қабығын тітіркендіреді, сонымен қатар тілдің ісінуі де мүмкін. 

4. Құрма

Құрма пальмаларында селен көп. Бұл элемент иммундық жүйені нығайтады, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының қаупін азайтады.

Сондай-ақ құрманың құрамында тістерімізді кариестен қорғайтын фторид, сонымен қатар темір, магний, фосфор, калий, минералды тұздар, В тобындағы витаминдер, каротин және тіпті маңызды аминқышқылдары бар. Құрма ағзаны нығайтады, қуат береді.

5. Теңіз шырғаны

Теңіз шырғаны бета-каротин, А провитаминінің мөлшері бойынша барлық жеміс-жидектер арасында абсолютті чемпион болып табылады. Тіпті сәбіз де оған бәсекелесе алмайды. Бір шымшым жидек - ағзаның бета-каротинге күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол иммундық жүйені, көруді қабілетін және теріні, шашты, тісті, қызыл иекті сақтау үшін таптырмас  дәрумен. Теңіз шырғаны С дәруменіне бай.

6. Итмұрын

Итмұрынның құрамындағы аскорбин қышқылы қара қарақатқа қарағанда 10 есе, апельсинге қарағанда 100 есе көп. Кептірілген итмұрында С дәрумені бір жылға дейін бұзылмаған күйінде сақталады. Ересек адамның аскорбин қышқылына күнделікті қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін кептірілген жемістердің бірнеше ас қасығын тұтыну жеткілікті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#иммунитет #киви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика