AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу...

«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды

Білім және ғылым 06.03.2023, 10:42 3,059
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды
Сурет: Elorda.info

Олимпиада еліміздегі ауыл оқушыларына арналған.


Бұған қатысу үшін өтінімдер 30 наурызға дейін қабылданады. Ал тестілеу онлайн-форматта өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, облыстар бойынша ең жоғары қорытынды балл алған 5 мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңінен өтеді.



«II кезең 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өту қажет. Ауыл мектептерінің 6-сыныбының 500 оқушысы – өткен жылғы (2022 жыл) олимпиада финалистері осы жылғы олимпиаданың екінші кезеңіне автоматты түрде өтеді», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары Нұрлан Жұмагелді.



Аталмыш олимпиада ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысына еліміздегі Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олимпиаданың бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады.



«1-кезеңде онлайн форматта логикалық сұрақтар беріледі. Олар мектептің бағдарламасында жоқ. Тіпті ғаламтордан көшіріп алу да мүмкін емес. Бұл кезең онлайн форматта болатындықтан сұрақтар солай құрастырылған. Бастысы, баланың тест сұрақтарына ересектердің көмегінсіз өзі жауап бергені дұрыс», - деді «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының үйлестірушісі Айжан Аршабаева.



Тағы бір айта кетерлігі, қатысушыларға олимпиаданың I және II кезеңдеріне дайындалуға арналған тест тапсырмалар үлгілері 100bala.elumiti.kz сайтында жарияланған.


Айта кетейік, бұл олимпиадаға елімізде соңғы үш жылда ауыл мектептерінен 590 мыңнан астам оқушы қатысты. Осы уақыт аралығында 3 мың оқушы жеңімпаз атанса, 960-ы  дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мың бала #зияткерлік олимпиада #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);