AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Дұрыс тамақтану - денсаулығыңа дұрыс күтім жасау

Дұрыс тамақтану - денсаулығыңа дұрыс күтім жасау

Білім және ғылым 06.03.2023, 10:49 2,542
Дұрыс тамақтану - денсаулығыңа дұрыс күтім жасау
almaty-akshamy.kz

«Салауатты тамақтану мектебі» жобасына  – 10 жыл


Дұрыс тамақтану мәдениетін балаға жастайынан үйрету арқылы оның денсаулығына дұрыс күтім жасау дағдысын қалыптастыру – өмір талабы. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі көрсеткіштердің бірі – балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдау және жақсарту. Мемлекеттің болашағы – дені сау ұрпақ. Ал, осы ұрпағымыздың сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, жайлы жағдай жасау мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.


Қазақ тағамтану академиясы мен денсаулық сақтау саласының ғалымдары жасаған сараптамаларға жүгінсек, бүлдіршіндер арасында семіздікке бой алдыру, асқазан ауруы, дене мүшелерінің дұрыс қалыптаспауы белең алуда. Бұл, әрине, дұрыс тамақтану мәдениетінің төмендігін аңғартады.



Балалардың денсаулығына қатысты осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Алматы қаласы білім басқармасы ҚББЖТО, Қазақ тағамтану академиясы және «Нестле фуд Қазақстан» ЖШС бірлесіп бастауыш сынып оқушылары үшін «Салауатты тамақтану мектебі» жобасын енгізді. Биыл айтулы жобаға 10 жыл болады.


Осы уақыт аралығында жоба бойынша Алматы қалалық білім басқармасының  білім беру ұйымдарында ауқымды жұмыстар жасалып, қомақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, Алматының  30-ға жуық мектебінің бастауыш сыныптарында эксперименттік алаңдар жұмыс жасайды.


Алматылық ұстаздар: «№ 78 мектеп-гимназия» КММ директорының орынбасары Розбакиева Гүлмира және бастауыш сынып педагогтері Хандогина Алланың авторлығымен оқу бағдарламасы әзірленді.



Жыл сайын Алматы қалалық білім басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен «Салауатты тамақтану мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде отандық және шетелдік арнайы мамандармен онлайн кездесулер, тәжірибе алмасу семинарлары, тренингтер, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде фестиваль, конкурстар ұйымдастырылады. «Салауатты тамақтану мектебі»  жобасына қала мектептері мен  бірге  ата-аналар да қызығушылық танытып, қолдау көрсетуде.


Міне, бүгін біз айтулы жоба шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар мен конкурстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орынды иеленген № 27 гимназияға келіп, бастауыш сынып мұғалімдері: Дериганова Светлана, Горленко Елена, Кариева Анджеланың  «Салауатты тамақтану мектебі» сабағына қатысуға мүмкіндік алдық. Сабақ барысында оқушылардың дұрыс тамақтану туралы түсініктері мен қызықты пікірлерінің куәсі болдық. Балалардың дұрыс тамақтану мәдениетінің дамуы жобаның жүзеге асуының айқын дәлелі іспетті.



Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтауға деген ынтасын арттыруды көздейтін жобаның 10 жылдығына орай «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және Алматы қаласы блім басқармасының ҚББЖТҒӘО «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы шеңберінде әдістемелік байқау  жариялады.  


Алматы қаласы Білім басқармасының


ҚББЖТҒӘ орталығы 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #салауат #мектеп #тамақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика