Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәселенің бір ұшы – адамдардың соқыр сенімі мен ад...

Мәселенің бір ұшы – адамдардың соқыр сенімі мен адасушылығында  

Әлеумет 28.10.2024, 15:55 2,159
Мәселенің бір ұшы – адамдардың соқыр сенімі мен адасушылығында   
Сурет: Neonomad.kz

Нақшбандия тариқатының басқа сопылық мектептерден айырмашылығы – қоғаммен араласуды насихаттап, өмірдің рухани және дүнияуи жақтарын біріктіруі. Нақшбандия дәстүрлі сопылық әдістерден ерекшеленіп, дүниеден толық бас тартуды емес, керісінше, ішкі рухани тазару арқылы Аллаға жақындауды, ал сыртқы өмірде қоғаммен тығыз байланыста болуды ұстанады.

Тариқаттың негізгі ұраны – «Халықтың ішінде, бірақ жүрегі – Алламен».

Біз Нақшбандия тариқатының қазіргі Қазақстандағы жағдайы мен оның қоғамда алатын орны туралы «Бербанг» Қазақстан күрдтері ассоциациясы Басқарма кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық қорының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі МИРЗОЕВ Рафик Якубовичтің пікірін сұраған едік.

Қазақстандағы Нақшбандия тариқатының өкілдері, негізінен, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында шоғырланған. Бұл аймақтарға Түркістан, Алматы, Шымкент және Жамбыл облыстары жатады.  Нақшбандия тариқаты қоғамды рухани тәрбиелеуге және бейбітшілікке шақырады. Алайда, тариқаттың сыртқы саяси күштер тарапынан манипуляцияға ұшырауы мүмкін екендігін ескере отырып, оның қызметін мұқият бақылау және дұрыс бағытта дамыту маңызды.

Осы жерде кейінгі кездері елді адастырып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты қарама-қайшы көзқарас қоғамда кеңінен талқыланып жүр. Құрбанәлі Ахмет қажы – сопылық дәстүрдің өкілі ретінде танылған тұлғалардың бірі. Шәкірттері оны Нақшбандия тариқатының 36-ншы пірі деп біледі. Оның Құран сөздерін бұрмалағаны және өзінің рухани мәртебесін асыра көрсетуі сыни пікірлерге негіз болуда. Құрбанәлі Ахмет қажы кейбір әрекеттері мен уағыздарында исламның бастапқы қағидаттарына қайшы келетін элементтер бар. Айналасындағылар аяғын сүйіп, оған ерекше құрмет көрсетуі мұсылман қауымы арасында үлкен наразылық туғызды. Сол сияқты, кейбір сопылық ағымдарда кездесетін пірге ерекше құрмет көрсету де шектен шығу болып саналады. Құрбанәлі Ахмет қажыға қатысты осындай жайттар оның сопылық дәстүрдің негізгі қағидаларынан ауытқығанын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жерде мәселенің бір ұшы адамдардың соқыр сенімі мен адасушылығына, діни білімінің төмендігіне келіп тіреледі.

Исламда Мұхаммед пайғамбардың өзі де ешқашан аяғын сүйгізген емес және өзін пір тұтуға жол бермеген. Сондықтан Құрбанәлі Ахмет қажының ізбасарларының әрекеттері ислам дінінің негізгі қағидаттарына қайшы екені айдан анық.

Сол себепті күмәнді діни ағымдардан аулақ болып, сұрақтар туындаған жағдайда тек ресми діни бірлестіктерге жүгінуге кеңес береміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дін #нақшбандия #сенім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика