AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мақсатымыз – кітапқұмарлар қатарын арттыру

Мақсатымыз – кітапқұмарлар қатарын арттыру

Мәдени Алматы 22.04.2025, 10:57 902
Мақсатымыз – кітапқұмарлар қатарын арттыру
Сурет: автор

Бүгінде мемлекет тарапынан кітапхалаларға үлкен қолдау көрсетіліп  отыр деуге болады. Елімізде 11 мыңға  жуық кітапхана бар десек, онда 300 миллионнан астам  кітап қоры сақталған екен.  Алматыдағы  Ұлттық кітапханың өзінде 7 миллионнан астам кітап қоры бар.

Жақында Ұлттық кітап күніне орай Алматы қаласы  Мәдениет басқармасына қарасты   «Орталықтандырылған кітапхана  жүйесі» КММ-нің   №31 кітапхан-бөлімшесінде  «Қазақ әдебиеті – ғасырлар қойнауынан жеткен  әдеби мұра» тақырыбында  келушілерге шеберлік сағаты өткізіліп, «Кітап – тарих, шежіре!» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Біздің кітапханада айтулы күндерге, сондай-ақ белгілі тұлғалардың мерейтойларына орай, олардан  қалған мұраларды   дәріптеу мақсатында  көптеген шаралар өтіп тұрады. Бұл  орайда  «Мәдени мұра – рухани қазына», «Қоғам үшін еңбек ету – парыз»,  «Жыл кітаптарын бірге оқиық»  және «Кітаптағы құпияларды білгім келеді» тақырыптарындағы  шаралар бұған дәлел. Әсіресе №193 мектептің   5-6 сыныптарының оқушылары   кітапханаға келіп,  оқыған кітаптарын өзара талқылап, пікір-сайыстарға қатысуға  дағдыланғанын айтуға болады.

Таяуда ғана «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым» ерлік сабағы өткізіліп, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыптарында  көрме ұйымдастырылды, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай,  «Батыр қызы халқының» тақырыбында еске алу сағаты  жоспарланып отыр. Бұдан бөлек,  қазақтың бас ақыны  Абай Құнанбайұлының  туғанына 180 жыл, қазақтың көрнекті ақындары  Тұманбай Молдағалив пен Қадыр Мырза-Әлінің  90 жылдығы да  ескерусіз қалмай, ақындардың кітаптары мен газет-журналдар бетінде  жарияланған мақалаларынан  кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Қазір кітапхана қорында 6832  кітап бар. Оның ішінде қазақ тілінде – 1962, орыс тілінде – 2939, ағылшын,  түрік, қырғыз, өзбек  тілдерінде – 44  кітап  сақталған. Биыл қорымыз  қосымша 821 кітаппен толықты.  Тек мектеп оқушылары ғана емес, түрлі сала мамандары мен  зейнеткерлер де кітап алып оқиды.  Бүгінде оқырман саны 13 мыңнан асып,  тұрақты  келетіндер  мыңға жуықтаған. Кітапханада кітаптардан бөлек,  мемлекеттік және ресми тілде  мерзімді баспасөздермен де қамтамасыз етілген.

Кітапхана ұжымы үлкен-кіші демей, жалпы халықты кітап оқуға тарта отырып, кітапқұмарлар қатарын арттыруды, балалардың сауаттылығы мен білімін жетілдіруді әрі тілге деген құрмет пен  Отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #пікір #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика