Алматыдағы ҚХА құрамына кіретін этноорталықтар мен «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС жұмысшылары жаңа Конституцияны қолдады
Алматыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері этномәдени бірлестіктер мен кәсіпорын қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, жаңа Конституция жобасының негізгі баптарын түсіндірді. Сенатор Нурия Ниязова реформаның жүйелі сипатқа ие екенін, қазақ тілінің мәртебесі, азаматтық құқықтар, саяси және идеологиялық әртүрлілікті қорғау сияқты маңызды нормалар қамтылғанын атап өтті. Қатысушылар қоғамдық талқылауға белсенді арасып, ұлтаралық келісімді сақтау мен референдумға қатысу қажеттігін қолдады. Кездесулер жаңа Конституция жобасын түсіндіру мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.