Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Күн қуатымен тамақ пісіретін пеш

Күн қуатымен тамақ пісіретін пеш

Керек кеңес 18.04.2023, 10:32 1,575
Күн қуатымен тамақ пісіретін пеш
Сурет: 24.kz

Ливандық азаматтың бұл өнертабысы таза энергияның көмегімен істейді.


Жергілікті өнертапқыш күн қуатымен түрлі тағам пісіретін пеш жасап шығарған. Бұл жаңалық тұрмысы нашар халықтың жағдайын біраз жеңілдетпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешкен Ливанда жанармай тапшы. Осының кесірінен электр энергиясының өндірісі күрт азайып, күніне тек бірнеше сағат жарық беріледі. Кәсіпорындар мен ауруханалар жабыла бастады. Әсіресе, наубайханалардың жағдайы мәз емес. Нан мен тоқаштарды дайындау үшін электр энергиясы қажет. Ал дизельді генераторларға құятын жер майы жоқ. Тұрғындар амалын тауып, үйлерінің шатырларына күн батареяларын орнатып жатыр. Ливанда жылына орта есеппен 300 күн шуақты болып тұрады. Жергілікті өнертапқыш Туфик Хамдан күн қуатымен істейтін пешті ойлап тауып, осы мәселені шешпек.



«Сұйық май осы айналардан өтіп, 300-400 градусқа дейін қызады. Бұл жылуын тағам мен сусындар дайындау үшін қолданамыз. Нан, круассан секілді осындай температурада пісетін барлық өнімді шығара аламыз», - дейді компанияның негізін қалаушы Туфик Хамдан. 



Тәжірибе ретінде алғашқы пешін Ремхала ауылындағы наубайханада орнатты. Соның  арқасында ол айына 10 тонна отын үнемдегенін айтады.



«Дизель отынын үнемдеумен қатар өніміміздің де сапасы артты. Өйткені таза жылуды қолданамыз, отының иісі жоқ. Мемлекет бізді электр қуатымен қамтымайды, генераторларға тәуелдіміз. Ал отынының бағасы шарықтап кетті», - дейді наубайхана иесі Виссам Шамседдин. 



Бұл жоба елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартатын түрі бар. Өйткені әрең күнін көріп жүрген жұртқа нанның қымбаттауы ауыр тиді. 



«Бұл пеш наубайхана иелеріне дизель отынына жұмсайтын қаражатының 80 процентін үнемдейді. Сәйкесінше, нанның бағасы да арзандайды. Өкінішке орай, дағдарыс кезінде көптеген адам әрең күнін көріп отыр. Сондықтан нан өндірудің өзіндік құнын азайтып, азаматтарымыз тұтынатын азық-түлік бағасын да төмендете аламыз», - дейді компания менеджері Хитаф Газал. 



Жоба сәтті жүзеге асса, ел көлемінде іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ 2030 жылға дейін барлық азық-түлік пен сусындар шығаратын кәсіпорындарды таза энергияға ауыстыру жоспарда бар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күн қуаты #пеш #таза энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика