ffin.kz

Кредиттің мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

Кредиттің мерзімі өтіп кетсе не істеу керек? Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады?


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері, қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Александр Терентьев айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Оның айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағыттарының бірі қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Агенттік тұтынушылардың құқықтарын қаржы ұйымдары тарапынан теріс пайдаланудан және жосықсыз практикадан қорғауды қамтамасыз ету үшін қадағалау рәсімдерін іске асырады. Азаматтардың өтініштеріне терең талдау жүргізіледі, тақырыптық және құжаттамалық тексерулер ұйымдастырылады, анықталған бұзушылықтарды жою үшін қадағалау шаралары қабылданады.




«2023 жылы Агенттік азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен 59,4 мыңнан астам өтінішті қарады. Өтініштерге жасалған талдау көрсеткендей, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың көпшілігі кредиторлардың азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша шаралар қабылдамауы болды: банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша (тиісінше 53% және 29%). Өтініштердің 19%-ы қаржы нарығының басқа субъектілері бойынша», - деді Александр Терентьев.



Анықталған бұзушылықтар бойынша 2023 жылдың басынан бері Агенттік қаржы ұйымдарына қатысты 224 шара қолданып, шамамен 189,9 млн теңге сомасына 159 әкімшілік жаза шығарды.


Оның айтуынша, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік ұйымдардың төлемге қабілетсіз қарыз алушы – жеке тұлғалардың берешегін реттеудің бірыңғай заңнамалық тәртібі қолданылады.


Сарапшы қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда қарыз алушыларға не істеу керектігін егжей-тегжейлі айтып берді.


2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың проблемалық берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) оны орындауға және борышкерлердің қарыздары мен микрокредиттерін қайта құрылымдауға өтініштерін қарауға міндетті. 



«2022 жылы кредиттік ұйымдар қарыз алушылардың 708,7 мың өтінішін қарады, олардың 74,5% -ында - 527,8 мың қарыз алушыдп қайта құрылымдау мақұлданды», - деп нақтылады сарапшы. 



Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талабы бойынша кредиттік ұйымдар қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің міндетті тәртібін ескеретін ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіргенін айтты. Ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда банктер мен МҚҰ мерзімі өткен берешекті реттеу тетігі туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ кредиттерді қайта құрылымдау мәселелері бойынша қарыз алушыларға кеңес беру үшін қосымша жедел желілерді ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14