AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ қызы Қытайда танылды

Қазақ қызы Қытайда танылды

Әлеумет 15.01.2024, 05:37 1,393
Қазақ қызы Қытайда танылды
Сурет: видеодан алынды

Қазақстандық Әлинұр Жеңіс атты ару Қытайда танылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.


Екі ел арасында түрлі форумдар өткізген ол «Достық елшісі» наградасын алды. Бұған дейін мұндай марапат тек Димаш Құдайбергенге беріліпті. Әлинұр мұнымен шектелмей, жеке кәсіпкерлікті де қолға алған. Бүгінде өз косметикалық брендін қалыптастырып, елімізде кәсібін өрлетіп жүр.


Аспан асты елінен 15 жыл бұрын көшкен Әлинұр: «атажұртта бағым ашылды», -дейді. Елде 6 жыл тегін оқып, қалаған ісімен айналысуға мүмкіндік алған.



Әлинұр Жеңіс, кәсіпкер: - Дұрыс шешім қабылдаған әкемізге рақмет. Себебі миллиардтаған қытайлардың ішінде жай ғана бір мүшесі боламыз ғой. Елімізді тапқаныма ризамын.



Әлинұр кәсіби дипломат болмаса да, Қытай мен Қазақстан арасындағы халық дипломатына айналды. 10 жыл бойы түрлі форум мен көрме өткізіп, халық жадында қалды. Ел дамуы үшін шетелдік инвесторларды тартты. Әсте бұл еңбегі ескерусіз қалған жоқ.



Әлинұр Жеңіс, кәсіпкер: - Екі ел арасындағы «Достық елшісі» деген награданы аламын. Себебі 10 жыл бойы Қытай елі біледі, мен Қазақстанның қонақжай ел екенін, болашағы бар ел екенін көрсету үшін тектен-текке ақша таппай, жұмыс істеп кетемін аудармаға да, форумға да, іс-шараға.



Бүгінде Әлинұр алғашқылардың бірі болып ұлттық нақыштағы косметика өнідмерін шығарады. 20 елде тұтынушысы бар бренд ұлттық болмысымызды одан әрі танытса екен дейді. Кәсібі өрлесе, зауыт ашуға ниетті.



Әлинұр Жеңіс, кәсіпкер: - Бетке ұстар визитка дейді ғой, сондай болса екен деймін. Өйткені шетелде көптеген кісілер келеді де айтады. Сіздерде шоколад пен балдан басқа нәрсе жоқ әуежайда деп. Сондықтан мен әуежайларға кіргім келеді. Біздің елдің өнімдері де, басқа брендтер емес, ұлттық нақыштағы өнімдер бар екенін.



Кәсіпкердің мақсат-мұраты мұнымен шектелмейді. Халықаралық стандартқа сай үлкен балабақша ашуды көздейді. Бастысы, кәсіп бастауға ниет болса, елде бұған барлық жағдай жасалған, - дейді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/634811-aza-yzy-ytajda-tanyldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #қазақ қызы #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);