AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Корея әуежайында ұсталған екі қазақстандыққа қанда...

Корея әуежайында ұсталған екі қазақстандыққа қандай айыптар тағылды – СІМ жауап берді

Оқиға 10.04.2023, 18:28 877 Almaty-akshamy
Корея әуежайында ұсталған екі қазақстандыққа қандай айыптар тағылды – СІМ жауап берді
Сурет: Ашық дереккөз

Тергеу шаралары үш айға дейін созылуы мүмкін 


ҚР Сыртқы істер министрігінің өкілі Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандықтың не үшін айыпталып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 24 наурызда Инчхон әуежайында қашып кеткен екі қазақстандық қазіргі кезде тергеу изоляторында отыр.



«Әуежайдағы төлқұжаттық бақылау кезінде Ташкент қаласынан келген Қазақстанның екі азаматына Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген. Олар түнде қашып шығып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда олардың біреуі ұсталды. Екіншісі 29 наурызда полицейге өзі берілді. Қазіргі уақытта олардың екеуі де Инчхон қаласындағы көші-қон орталығында тергеу изоляторында отыр», - деді Айбек Смадияров.



Ол Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары үш айға дейін созылуы мүмкін екенін атап өтті. Содан кейін іс прокуратураға беріледі. Тергеу құпиясына сәйкес, Корея Республикасының құзырлы органдары істің егжей-тегжейін жарияламай отыр.



«Біздің ақпаратымыз бойынша, бұл азаматтарға Оңтүстік Корея заңнамасын үш рет бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Біріншісі – иммиграциялық бақылау туралы заңды бұзу, елге заңсыз кіру. Екіншісі – иммиграциялық бақылау, ел аумағына заңсыз келу туралы заңнаманы бұзу. Үшіншісі – әуежай нысандары мен оның нысандарына қатысты заңды бұзу, материалдық шығын келтіру», - деп толықтырды СІМ өкілі.



Айбек Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен және азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста екенін айтты. Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының жаппай жұмыстан босатылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.


Тақырыпқа орай: «Анамның отасына ақша жинаймын деп кеткен еді» – Оңтүстік Кореяда ұсталған жігіттің әпкесі



«Бұл оқиға ресми түрде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына әсер еткен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасының аумағында еңбек қызметі тек арнайы рұқсат қағазы мен жұмыс беруші рәсімдейтін арнайы виза болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жұмысқа орналасудың қалған нұсқалары заңсыз саналады», - деді А. Смадияров.



Еске салайық, 27 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынған екі Қазақстан азаматының Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткенін хабарлады. Кейіннен олардың екеуінің де ұсталғаны белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);