"Alatau Aqparat" медиахолдингінің журналисі Дина Литпин бас жүлдеге ие болды

  • 17:29, 19 қараша 2025
"Alatau Aqparat" медиахолдингінің журналисі Дина Литпин бас жүлдеге ие болды Нұрбол Ынтымақұлы

"Alatau Aqparat" медиахолдингінің журналисі Дина Литпин Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған байқауда бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Түркітілдес журналистер қоры биыл журналистика саласындағы екі маңызды жоба – "Әлеумет – қоғам айнасы" және "Еркін сөз – 2025" байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. 

"Еркін сөз – 2025" байқауында "Сайттағы үздік мақала" бойынша бас жүлдені "Alatau Aqparat" медиахолдингінің журналисі Дина Литпин иеленді. Бұл жеңіс холдинг журналистерінің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ, онлайн-журналистикадағы сапалы контентке деген ұмтылысты айқын көрсетті.

"Еркін сөз – 2025" байқауы аясында да бірқатар қаламгердің еңбегі еленді. Диана Біржанова 100 мың теңгелік жүлдені иеленсе, 500 мың теңгелік бас жүлделер бірнеше номинация бойынша табысталды:

  • "Үздік ақпараттық бейнесюжет" номинациясында – Нүркен Әкімханов,
  • "Газеттегі үздік мақала" бойынша – Гүлзия Тілекқабылқызы, 
  • "Сайттағы үздік мақала" аталымында басты жүлде "Alatau Aqparat" медиахолдингінің өкілі Дина Липпинге берілді.

Айта кетейік, Түркітілдес журналистер қоры "Еркін сөз" байқауын 9 жылдан бері өткізіп келе жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:09

17:59

17:47

17:36

17:26

17:15

16:58

16:41

16:23

16:13

15:59

15:42

15:27

15:16

15:01

14:44

14:31

14:18

14:03

12:45

12:26

12:15

12:01

11:45

11:24